Дүниетану "Ауа райы және оны болжау" 3 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Муканова Сауле Сакеновна
|
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Ауа райы және оны болжау.
Мақсаты:
1. Ауа райының құбылысы жайлы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу
2. Ауаның температурасы , термометр және оның құрлысы туралы ұғымын дамыту
3. Оқушыларды адамгершілікке, достыққа , бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: термометрлер, су құйылған стакандар, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
КезеңіСабақтың мазмұныУақыты
Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлеметсіңдерма, балалар! Бүгін сендерге дүниетану пәнәнен мен Оспан Мадина Серікқызы жүргіземін.
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отыр.Өздерің байқап отырғандай сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Сабағымызды бастамас бұрын қонақтарымызбен амандасып алайық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
-Жақсы балалар барлығымыз орынымызға отырайық.
Үй тапсырмасын тексеру-Жақсы, балалар, енді үй тапсырмасы бойынша жұмыс жасайық.Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
-Бүгін үй тапсырмасын сендерді топқа бөлу арқылы сұрағым келіп тұр.Ол үшін сендер қатарларың бойынша үш топқа бөлініңдер.Мен әр топқа сұрақтар таратамын, әр топқа ойлануға 1мин уақыт беріледі.1мин өткен соң әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.
Ітоп:Бұрынғы кезде адамдар сағатты қалай білген және оны қалай ойлап тапқан?
ІІтоп:Бір жұмада қанша сағат барын қалай есептеп табуға болады?Кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, енін өлшеу үшін қандай ұзындық өлшемдері қолданылады?
ІІІтоп:Ұзындық өлшемдерін білу адамға не үшін қажет? Салмақ өлшемдерін білу адамға не үшін қажет?Заттың салмағын анықтау үшін не қолданамыз?
Жаңа сабаққа дайындық-Жақсы, балалар, үй тапсырмасына жақсылап дайындалып келіпсіңдер.Өткен тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер!
- Балалар, қане барлығымыз терезеге қарайықшы, Өскемен қаласында бүгін күн қандай?
-Жақсы балалар, өте дұрыс.
-Олай болса, бүгін біз сендермен жаңа тақырып өткелі отырмыз.Ол «Ауа райы және оны болжау» деп аталады.
Жаңа сабақ-Балалар, ауа райы дегеніміз не?Сендер оны қалай түсінесіңдер?
-Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Ия, балалар, сендердің айтқандарыңмен мен де келісемін.Температура, бұлттылық, жауын-шашын, жел, ылғалдылық т.б. ауа райын түзеді екен.
- Иа балалар, сендер күн сайын радиодан теледидардан ауа райы туралы хабарлар естіп тұрасындар. Құлақ салып, тыңдап көрейік: «Астанада аздаған бұлт шығады, Жауын шашын болмайды,баяу жел еседі. Ауа қысымы – сынап бағанасы есептегенде 767 мм. Ылғалдылығы – 75% Ауаның температурасы күндіз -70 – 80С, түнде -180 -200С ».
Осы хабардан айтқан температура, қысым, бұлттылық, жауын – шашын, ылғалдылық, жел – ауа райының құбылыстары. Бәрінің жиындығы ауа райын түзеді.
Ауа райы жиі өзгеріп отырады.Ауа райының жай- күйін метеорологиялық стансаларда бақылап отырады. Күн сайын белгіленген мерзімде ауаның температурасы желдің күші мен бағыты, жауын – шашын, ауа қысымы, т.б өлшейді. Бұдан басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серігі фотосуретке түсіріп, бейнесін Жерге беріп отырады. Осылай жинақталған мәліметтер арнайы ауа райы карталарына түсіріледі. Бір тәулікте сондай картадан төртеуі жасалады. Олардың бір – бірімен салыстыру арқылы салқын немесе жылы ауа қалай қарай және қандай жылдамдықпен ауысып жылжып бара жатқандығын, олардан қандай температураны күтуге болатындығын, желдің қай жақтан қай күшпен соғатынын немесе жылы ауаныңболжауы жасалады.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз?
-Дұрыс айтасыңдар!Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын өлшейміз.термометрдің бірнеше түрлері болады.Олар: су температурасын өлшейтін, адам денесінің қызуын өлшейтін және ауа температурасын өлшейтін.
-Суреттерді қараңдар. Адам денесінің, судың, ауаның температурасын өлшеу үшін қандай термометр қолданылатынын анықтаңдар.
-Жақсы, енді осы термометрлердің қалай жасалатындарына біраз тоқтала кеткім келіп тұр.термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта.Әр бөлік 1ºС-қа тең.Шкала ортасы 0ºС.Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара.
-Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС.
Сергіту сәтіҚане, балалар, шаршап қалсақ, барлығымыз орынымыздн тұрып сергіп алайық:
Жел соғады гу-гу,
Жаңбыр жауады тырс-тырс.
Жаңбыр басылады,
Күн ашылады.
Сарамандық жұмыс-Біраз сергіп демалып қалған сияқтымыз.Олай болса, оқулықтағы сарамндық жұмысқа назар аударайық.(оқушыларға оқыту, өздеріне жасатқызу)
1-тәжірибе:стакандағы жылы суға термометрді сал.нені байқадың?
2-тәжірибе:Стакандағы суық суға термометрді сал.нені байқадың?
3-тәжірибе:Сынып бөлмесінің ауа температурасын өлшеп, оны дәптерлеріңе жазыңдар.
Топпен жұмыс-Енді, балалар, алдындағыдай тағы да топқа бөлініп отыра қалыңдар.1- қатар: жаз, 2- қатар: күз, 3-қатар: қыс мезгілі болып, сол жыл мезгіліне сай оның ауа райы жайлы әңгімелейді.Дайындыққа 1мин уақыт беріледі.
Сен білесің бе?Ауа райын болжайтын жәндіктер
БекітуЖаңа тақырыпқа сай ауа райының құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру.Сұрақтар қою.
Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар
Бура жерге шөгеді:
Бұлау терін төгеді.
(Бұлт пен жаңбыр)
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
(Қар)
Ақ моншақтар сабалар,
Қалмайды олар жанды аяп.
Жатып-жатып жоғалар,
Ешкім жинап алмай-ақ.
(Бұршақ)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)
Қорытындыа)ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай ?
ә)Температураны өлшейтін құралды не деп атаймыз?Оның неше түрі бар?
б)Найзағай деген не?
в)Бұлттылық деген не?
БағалауӘр оқушылар сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалайды.
Үй тапсырмасыТағы қандай ауа райын болжайтын жәндіктер бар солар туралы жазып келу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.68 Kb |
Количество скачиваний: | 48 |