Доклад на тему "«Бастауыш кластарда зерттеу жұмысын жүргізу жолдары»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Исмурзина Нурсауле Кунакбаевна
|
Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін - білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында шығармашылық бағыттарды жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру.
Оқушының ақыл-ойын дамыту, ақыл-ой қызметінің бала өміріндегі маңыцзын сезіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, жіктеу сияқты ой әрекеттерінің негізгі жүйесін қалыптастыру, сезіну, мақсат қоя білу, зейін және есте сақтау сияқты таным процестері дамиды.
Мұғалімдер оқушыларды зерттеушілікке тартатын сабақтар бірқатар белгілерімен сипатталатынын ескерген жөн. Олар: проблемалық жағдайлар жасау, оқушыларды ғылыми-зерттеу әдістерін (теориялық талдау, эксперимент)қолдануы, жаңа білім алуда немесе өткен материалды қайталауда оқушының аз жұмыс істеуі. Алайда қарастырылып отырған мәселенің сипаттамалық ерекшеліктеріне қарай сабақ құрылымында да елеулі өзгешілктер пайда болады. Әсте теориялық сұрақтарды зерттеу бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін, ал кейбір сабақтың өзінде-ақ аяқталады.
Оқушылардың өз бетінше зерттеушілігін ұйымдастыру және басқару үшін, мұғалім өтуге тиісті оқу материалына алдын ала теориялық логикалық талдау жасау қажет. Мұны оқушы мен мұғалім қызметтерінің ара қатынасын анықтап алу керек. Ол қойылған негізгі мақсатқа жетуүшін сабақтың тапсырмаларын нақты анықтап алып, осы тапсырмаларды орындау қажет. Сонымен қатар сабақтың түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар мен қатынастар белгіленуі тиіс.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 31.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |