Доклад на тему Бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Предмет:
Русский язык и литература
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Гульнара Кайыргельдиновна Жакиянова
Материал Доклад на тему Бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. автора Гульнара Кайыргельдиновна Жакиянова временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Қазіргі таңда еліміздегі оқу – тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушының сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.