Дәрумендер біздің керемет достарымыз

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

      Тақырыбы: Дәрумендер-біздің достарымыз

Мақсаты: Оқушыларға ең бірінші байлық-денсаулық екенін, денсаулық болса, бәрі де болатынын ұғындыру.

Балалар денсаулығы үшін дәрумендердің, тазалық, спорттың пайдасы туралы түсіндіру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

1.Ұйымдастыру  кезеңі

Психологиялық дайындық

Ауырып ем іздеме,

Ауырмайтын жол ізде

Сергіту жаттығулары

Тік ұстап денеңді,

Сапқа тұр сен енді

Жанға сеп шынығу

Жаттығып, тынығу

Сымбатты болуда

Өзіңнің қолыңда

Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі

1.      Қолыңды сабындап жу.

2.      Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме.

3.      Шамадан тыс  тойып ішпе

4.       Нанды үзіп же.

5.      Тамақтан соң, ауызыңды шай, қолыңды жу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Дәрумендер  өмір деген мағынаны береді. Дәрумендер –организмнің қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті органикалық заттар. Организмде витаминдердің жетіспеуі немесе олардың болмауы түрлі қауіпті ауруларға шалдықтырады. Дәрумендік жетіспеушіліктіңалдын алуда тағам рациона көкөністер мен жеміс-жидектерді қосу керек.

А дәрумені-жануар және өсімдік текті өнімдерде:балық майында, сүт өнімдерінде, көкөністер мен жемістерде болады.

В витамині-сүтте, бидайда, көбекте, күріште, жаңғақта болады. В витамині белсенділікті арттырып, ақыл-ой қызметін жақсартады.

С витамині итмұрында, қара қарақатта, апельсинде, лимонда, алмада, қызылшада, орамжапырақта көп болады.

Е витамині бидай өскенінде, сояда, жұмыртқада көп болады. Бұл витаминдер ағзада көп болса, ағзаға түскен улы заттарды залалсыздандырады.

Тірек сызба арқылы түсіндіру.

                                                                       Денсаулық                                    тамақ

     Табиғи күш                         тазалық                            денешынықтыру

                                                                                                                                жемістер

Күн                                 жеке бас тазалығын еске сақтау                                  көкөністер

Таза ауа,су                                                                   спорттық ойындар           сүт тағамдар

                                                                                       Ұлттық ойындар             шипалы сусындар

Сабақты қорыту

-денсаулық дегеніміз не?

-денсаулықты жақсы болуды дегенміз не?

-ұзақ өмір сүру

Ол үшін жақсы тамақтану кернек.-Витаминдердің маңызы зор. Сонымен бірге мың жасаған

Ұлықпан Хәкімнің жеті өсиетін есте сақтаңыздар

1.      Ерте тұру

2.      Орта тазалығын сақтау

3.      Денені шынықтыру

4.      Дене тазалығы

5.      Сергектік

6.      Артық тамақ ішпеу

7.      Көп ұйықтамау

Қорыта келе,  «Артық ұйқы ауру қылады» атты халық даналық сөзінің мағынасын түсіндіру.

Балалар осы 7 өсиетті күнбе-күн орындау міндеттерін, сонда сендер елімізді ішкі, сыртқы жаулардан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер-деген ұлы Ұлықпан Хакім.

                   

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.97 Kb
Количество скачиваний: 43
Просмотров: 201

Похожие материалы