Здесь была ссылка на работу Еңбек-бәрін жеңбек автора Қадірова Нұрбану Әбуқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қадірова Нұрбану Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. Абай Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, қағаздан қиылған жүректер, дәптер, оқулық. Шаттық шеңбері: Амандасу. Үлкенге де «Сіз», Кішіге де «Сіз». Бар адамға құрметпен, Бас иеміз біз. - Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып шығайық. Әңгімелесу: n Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? n Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз? n Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? n Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? Тапсырма Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау Мәтінмен жұмыс Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгіме - Қара пышақ қандай адамға ұқсайды? - Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады? - «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер? Дәйексөз Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. Абай -Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Қандай еңбек туралы мақал –мәтелдер білесіңдер? · Ердің атын еңбек шығарады. · Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. · Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. · Көз – қорқақ, қол – батыр. · Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ. Еңбек түбі – зейнет. Сахналау: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов. Автор: Дастарханда шашылып Жатты аппақ бауырсақ Бауырсаққа қызығып Қарап тұрып көзін сап. Қуыршақ: -Қайдан келдін бауырсақ? Бауырсақ: -Дүкеннен келдім нан сатқан. Қуыршақ: Дүкенге келдің қай жақтан? Бауырсақ: -Наубайдан келдім нан жапқан Қуыршақ: -Наубайға келдің қай жақтан? Бауырсақ: Диірменнен келдім ұн тартқан. Қуыршақ: -Диірменге келдің қай жақтан? Бауырсақ: Даладан келдім жан-жақтан. Жер-анам менің көсілген Дихандар мені өсірген. Нан дастарқанға қалай келеді? деген сұрақ аясында еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелету. Үйге тапсырма: Дәптермен жұмыс «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді, тілектеріңді мына қағаз жүректерге жазыңдар Жүректен жүрекке Шеңберге тұрып, бір – біріне жазған тілектерін оқыту..