Еңбек түбі береке (2 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Экономикалық әңгімеден экономикалық сөзді табады.
Ағылшын ертегісінен берілген үзіндіні оқып, ойлан және бір экономикалық сөзді пайдалана отырып, шалдың әрекетін қалай атауға болады?
Шал келе жатыр еді, қарсы алдынан торайларды айдаған шошқа бағушы кездесті.
― Сәлеметсіз бе, ақсақал! Қайда болдыңыз?
― Қалада. Бай саудагерде.
―Саудагер сізге не берді?
― Ат басындай алтын берді.
― Ол қайда?
―Атқа айырбастадым.
― Ал ат қайда?
― Өгізге айырбастадым.
― Ал өгіз қайда?
― Қойға айырбастадым.
― Ең жақсы торайды алыңыз да, қойыңызды маған беріңіз.
Шал торайды таңдап алып, шошқа бағушыға рахмет айтып, өз жолымен кете барды.
• Ол сөзді бос торларға жаз.

2 топ. Экономикалық жоспар құрады, ол отбасы бюджетіне байланысты.
Отбасы бюджетін құру.
Табыс Шығын
Үнемдеу туралы қорытып кету.
3 топ. Экономикалық есепті шешеді.
Дүкенге түрлі кәмпиттің үш қорабын әкелді: «Рахат», «Баянсұлу», «Қарағанды» кәмпиттері. Тасымалдау кезінде қораптардағы жазу өшіп қалды. 1 жәшікте «Рахат» емес, 2 жәшікте «Баянсұлу» емес екені, 3 жәшікте «Баянсұлу» орналасқаны белгілі. Қораптарды ашпай ―ақ 1― ші және 2―ші қораптарда қандай кәмпит орналасқанын білуге болады.
• Сонымен еңбек етіп қана қоймай, еңбекпен тапқан табысты үнемдей білу керек. Сонда ғана береке болады.
ІІІ. Ойтолғаныс.
Балалар, біз қазір сендермен қағазды үнемдей отырып, оригами әдісімен көгершінді жасаймыз.
Жасау жолдарын көрсету.
Жасап болған соң әрбіреуің тілек айтып, аспанға көгершіндеріңді ұшырыңдар.
Нарғыз көгершінді апарғанда, «Мен тілегімді бимен білдіргім келеді» деп айтады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.17 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 150

Похожие материалы