Экзаменнационные вопросы по физике 7 класс
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Нурбаева Аяулым Бакытовна
|
1-билет
Физика табиғат туралы ғылым.
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.
Пойыз 20 м/с жылдамдықпен 30 с бірқалыпты қозғалды. Осы уақыт ішінде пойыз қанша жол жүреді?
2-билет
Физикалық терминдер мен ұғымдар.
Қуат. Қуаттың формуласы. Өлшем бірлігі.
Еменнен жасалған дененің массасы 490 г және тығыздығы 700 . Дененің массасын анықтаңдар.
3-билет
Астрономия –аспан денелері туралы ғылым. Әлемнің құрылымы және дамуы туралы түсініктер.
Заттың тығыздығы.
Дене бірқалыпты қозғала отырып, 240 см жолды 2 минутта жүріп өтеді. Дененің жылдамдығы қанша?
4-билет
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
Мопедке 390 Н ауырлық күші әрекет етеді. Мопедтің массасын анықтаңдар.
5-билет
Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшемдердің метрлік жүйесі.
Деформация.
Графикте бірқалыпты қозғалған дененің қозғалысы берілген. 5 с –та дененің жүрген жолын және жылдамдығын анықтаңдар.
6-билет
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.
Газдың қысымы. Гидравликалық машиналар.
Массасы 70 кг адам, массасы 20 кг қорапты йығына салып көтеріп келеді. Адам жерге қанша салмақ түсіреді?
7-билет
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалы-кинетикалық теориясы.
Гук заңы.
Ауданы 0,08 массасы 0,6 кг кітап үстел үстінде жатыр. Кітап үстелге қанша қысым түсіреді?
8-билет.
Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.
Диномометрлер.
Өзеннің терең жеріндегі қысым 4МПа-ға тең. Атмосфералық қысымды есепке алмай, өзеннің тереңдігін анықтаңдар (Судың тығыздығы 1000 ).
9-билет.
Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.
Велосипедпен 2400 м жолды 10 минутта жүріп өткен бала, 900 м төбешікті 1 минутта сырғанап өтіп, тағы 1200 м жолды 4 минутта жүріп өтті. Осы жол аралығында баланың орташа жылдамдығын анықтаңдар.
10-билет
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші.
Автомобильдің бензин құятын ыдысының (бензобак) көлемі 30 л болса, автомобиль багына массасы қанша бензин сияды (бензин тығыздығы 0,71).
11- билет.
Планеталардың қозғалысы.
Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.
10 м тереңдіктегі судағы адамға әрекет ететін қысымды анықтаңдар (судың тығыздығы 1000).
12-билет.
Күннің жылдық қозғалысы.
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы.
Массасы 80 кг денені орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек. Үйкеліс коэффициенті .
13-билет.
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары.
Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.
Резеңке таспаның қатаңдығы 600 Н/м . Егер таспаға 20кН күш әрекет ететін болса, онда ол қандай шамаға созылады?
14-билет
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы.
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
Гидравликалық престегі кіші поршеньнің ауданы 3 , ал үлкенінікі -160. Егер кіші поршеньге түсірілген күш 30 Н болса, үлкен поршеньге түсірілген күш қандай болады?
15-билет.
Жол және орын ауыстыру.
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдңк шарты.
Ыдыстағы су бағанының биіктігі 7 см. Су ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? Осындай деңгейде құйылған сынап қандай қысым түсірер еді? Сынаптың тығыздығы -13600 судың тығыздығы 1000
16-билет.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
Иінді таразылар. Жай механизмдер.
Табандарының аудандары бірдей екі цилиндрдің біреуі темірден, екіншісі биіктігі 6 см-ге тең никельден жасалған. Олар горизонталь жазықтыққа бірдей қысым түсіреді. Темір цилиндрдің биіктігі қандай? Никельдің тығыздығы 8900 ал темірдің тығыздығы 7900.
17-билет.
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Ауада ұшу.
Көлемі 0,004 дене толығымен суға батырылған. Осы денеге әсер ететін Архимед күші қандай? Судың тығыздығы 1000
18-билет
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Беттік керілу.
Салмағы 30 Н денені 70 см биіктікке көтеру кезіндегі істелетін жұмысты анықта.
19-билет.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі.
Жұғу және кылтүтіктік құбылыс.
Қуаты 6 кВт мотор массасы 5 т жүкті 30 м биіктікке қанша уақытта көтеріп шығады?
20-билет.
Инерция. Кеңістік және уақыт.
Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.
Массасы 10 г оқ винтовка ұңғысынан 900 жылдамдықпен шығады. Оның кинетикалық энергиясы қандай?
21-билет.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.
Массасы 0,4 кг қаршыға ауа ағынымен 70 м биіктікке көтерілген. Құстың потенциалдық энергиясы қанша?
22-билет.
Дененің салмағы. Салмақсыздық.
Манометр.
Көтеруші кран 25 кДж толық жұмыс атқара отырып, 18 кДж пайдалы жұмыс атқарды. Кранның ПӘК-ін есептеңдер.
23-билет.
Үйкеліс күші.
Барометр. Барометр-анеройд.
Рычаг ұштарына салмақтары 70 Н және 235 Н жүктер ілінген. Кіші иінінің ұзындығы 0,5 м болса, онда үлкен иінінің ұзындығы неге тең?
24-билет.
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі.
Су көлігі. Қатынас ыдыстар.
Қатаңдығы 3000Н/м серіппе серпімділік күшінің әрекетінен 4 см-ге ұзарды. Созылған серіппенінің потенциалдық энергиясы қандай?
25-билет.
Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі.
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
Шаңшорғыш (пылесос) 480 кВт пайдалы қуат өндіреді. Егер оның ПӘК-ті 89 % болса, толық қуатты анықта?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30.59 Kb |
Количество скачиваний: | 69 |