"Елім менің - Қазақстан" тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

Өткізген тарих пәнінің мұғалімі  Жаксымбетова Сания Манатовна

«ЕЛІМ МЕНІҢ - ҚАЗАҚСТАН!»
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету.
3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету.

1-жүргізуші:    Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,
                          Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?
                          Әрине тарих үшін 23 жыл түгіл,
                          Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ

   2 - жүргізуші:  Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,
                             Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,
                             Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар
                             Өсиетін, армандарын бабалардың.
1 - жүргізуші:  Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
                         Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
                         Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
                         Отаным деп бар әлемге жар салам.
2 - жүргізуші:  Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды.

1-жүргізуші: Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!  

Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?/Презентация/

Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.


1 - жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21 - ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21 - ші камерасында, 21 - ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

2 - жүргізуші: Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат жайындағы көріністен үзінді

КӨРІНІС
Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.
Қайрат:
Қайнама қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды - ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейді,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.
Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар! Отырыңдар!

Сот үкімді оқиды.
Сот: - Алдындағы сот нәтижесі бойынша:
Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.
Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60 - бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 - бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171 - 1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар. (”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.)
”Ақтық сөзің не?” – деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
”Еркек тоқты - құрбандық”,
Атам десең атыңдар!
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған - азамат.
Артымда қалған ата - анам,
Ел - жұртым саған аманат!

Сот: - Бүгінгі сот жабық.

Екі жендет Қайратты залдан жетеледі.

Жүргізуші:

Жерлестер

1 - жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

 «Желтоқсан желі» әні (клип)

 1-жүргізуші: Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.  
 2 - жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті.
1-жүргізуші: Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29 - ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
2 - жүргізуші: 1992 ҚР - ның Мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
1- жүргізуші: 1995 жылғы тамыздлың 30 - ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.   Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 23 жыл толады.

1 - жүргізуші: 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
2 - жүргізуші: 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық - мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
1 - жүргізуші: 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ - ның Саммиті өтті.

1 - жүргізуші: Өмірімізді, өткенімізді көріп,
Әнімізді, жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,
Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,
Өзімізді, сөзімізді тыңдап,
«Бұл - қазақ», - дейді.

2 – жүргізуші: Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға, тірі адамға сол қайғы,
деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз, деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

І - жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

2 - жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

2 – жүргізуші:
Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан –
Суып барып қайтадан табылғансың.

Тәуелсіздікке арналған оқушылар өлеңдерін оқиды.

Қорытынды:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -

дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық

жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.

Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!"

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы

«Атамекен» әні орындалады (хор)

Бірге:  Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын!

Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!



 

 

 

 

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 17.68 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 117

Похожие материалы