ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына есептер шығару

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына есептер шығару Сабақтың типі: ойын сабақ Сабақтың  түрі: аралас сабақ Сабақтың мақсаты: Дамытушылық:  Сандар туралы білімдерін дамыту. Білімділік:  Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті бекіту. Сандардың бөлінгіштігін жалпылау. Сандардың бөлінгіштігіне берілген есептерді алгебралық тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру. Матемаматикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету. Тәрбиелік:  Творчестволық құлшынысқа, өз ойын еркін дәлелдеп жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақтың барысы: I.             Ұйымдастыру кезеңі (пәнді үйренуге мотивация беру, сабақтың мақсаты мен құрылымымен таныстыру). II.          Өтілген сабақты еске түсіру. III.       Өтілген материалдарды бекіту. IV.       Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау. V.          Үйге тапсырма. Сабақта қолданылатын құралдар: оқулық, интерактивті тақта, таратпа материалдар, презентация. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (пәнді үйренуге мотивация беру, сабақтың мақсаты мен құрылымымен таныстыру). Мұғалім: Өткен сабақта біздер «Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» ұғымымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымыз «Ең кіші ортақ еселікті» бекіту сабағы.  Сабағымыздың құрылымы сандардың бөлінгіштігін, ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік туралы алған теориялық білімдерімізді еске түсіру, оларды есептер шығару барысында қолдану. Үй тапсырмасын тексеру   №348 есеп                b   a 17 34 68 17 34 102 17 34     Енді балалар, бүгінгі сабағымызды ойын сабақ ретінде алып отырмын. Қазір өзіміздің біліміміз арқылы мектебімізді саламыз. Ол үшін ең алдымен жер таңдап аламыз. Ең алдымен іргетас құюымыз керек, ол үшін ережелерді білуіміз қажет. 1. Сонымен сұрақтар: 1. Кесінді деген не? 2. Жай сандар дегеніміз не? 3. Құрама сандар дегеніміз не? 4. Бұрыштың қандай түрлерін білесіңдер?   2. Бірінші қабатты салу үшін бізге қандай тапсырма берер екен . №344 есеп 1) ЕКОЕ (120;300;100)=600 2) ЕКОЕ(480;216;144)=4320 3) ЕКОЕ(105;350;140)=2100 4) ЕКОЕ(280;140;224)=1120 3. Екінші қабаттың тапсырмасы №345 есеп 1) ЕҮОБ(300;250)       ЕҮОБ(510;102) 2) ЕҮОБ( 1800;400)     ЕҮОБ( 1800;540) 4. Үшінші қабаттың тапсырмасы №346 есеп 1) ЕКОЕ (200;300)      ЕКОЕ(200;500) 2) ЕКОЕ (150;250)       ЕКОЕ(350;175) 5. Төртінші қабаттың тапсырмасы №308 есеп 1)  x=22*3*5 және y=2*32*5         ЕҮОБ(х;у)=2*3*5=30 2) x=22*32*5 және y=2*3*7          ЕҮОБ(х;у)=2*3=6 3) x=22*5 және y=52*7                 ЕҮОБ(х;у)=5 4)x= 3*72*11 және y=32*7            ЕҮОБ(х;у)=3*7=21 6. Шатыр тапсырмасы №331 есеп Әлияның қадамының ұзындығы 40 см, ал Мәншүктің қадамының ұзындығы 60 см. Әлия неше қадам жасағанда олардың толық қадамдары ең алғаш рет сәйкес келіп теңеседі? ЕКОЕ(40;60)=120 Жауабы: Әлия 3 қадам жасайды 7. Енді мектебіміздің жан- жағына талдар егейік. Ол үшін карточкадағы сұрақтарға жауап берейік. 8. Гүлдерге де осылай карточкадағы сұрақтарға ауызша жауап береді. Барлық тапсырмалар орындалған кейін мектебіміз жарқырап шыға келеді. Сонымен бүгінгі алға қойған мақсатымызды орындадық. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын. Үйге тапсырма №347,№348 есеп          
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44.5 Kb
Количество скачиваний: 252
Просмотров: 766

Похожие материалы