Ертеңгілік "Алтын күз - 2014"

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

Алтын күз мерекесі-«Еркем-ай» тобының балаларымен өтті. Әсем безендірілген залға кірген Алтын күз өзінің туған күні екенін айтып қуанады. Ал балалар Алтын күзді туған күнімен құттықтауға келіп, қыздар тобы «Жапырақтар» биін билесе, ер балалар күз туралы тақпақтарын айтып береді.Мерекеге сай билеп көңіл көтеріп жатқанда бір әлсіз, жүдеу баланың құлап қалғанын көреміз. Осы кезде дәрігер шақырайық деп, жедел жәрдем дауысы шығып дәрігер де келеді. Ол баланың (Қуанышбек) ағзаға дәрумендер жетіспегендігі, сол себепті басы айналып құлағанын айтады. Ол үшін көкөністер мен жемістер жеу керектігін ескертеді. Ал балалар: ендеше қоймаға хабарласып, жемістер мен көкөністер алдырайық деп хабарласады.(машина дауысы естіледі)

Осы кезде жүргізушімен бірге тіркеліп, көп-көп жемістер мен көкөністер болып киінген балалар кіреді.Олар ауырған балаға кім екендерін айтып береді. (осы кезде балаларға жемістер мен көкөністердің ағзаға қаншалықты керектігін айтып беремін).

Жемістер мен көкөністердің аттарын дұрыс атау мақсатында балалармен «Кім тез біледі?» ойыны ойналды. Балалар жарысып, білетіндерін айтып ортаға салды. Ойын тоқталысымен әуенмен ортаға Саңырауқұлақ(Жадыра Төлеуғалиқызы)  кіріп келеді. Ол балалардың қазір не ойлап отырғанын білетіндігін айтып, балаларды таңқалдырды. Осы кезде күн күркіреп жауын жауып балалар кедергілерден (алдын-ала дайындалған) секіріп-секіріп қолшатырдың астына тығылды. Саңырауқұлақ болса жауынды жақсы көретінін айтып, балалармен ойнап, содан соң қоштасып кетіп қалды. Ата-аналармен де «Кім жылдам» атты  ойын ойналды. Ата-аналар да мерекеге қаьысып, белсенділік танытты.

Алтын күз болса туған күнімді ерекше тойладыңдар, сендерге ризамын деп өз сыйлығын беріп, балалармен бірге ортаға билеп, шығып кетті.

 

Бұл шара  өз мәресіне жеттті, ойымдағыдай болды деп есептеймін.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 46.5 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 90

Похожие материалы