Здесь была ссылка на работу «Есептік және реттік сан есім» қазақ тілі 3-сынып автора Тюлебаева Акмарал Хожаназаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім. Мақсаты:1) Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру, 2) Орманға саяхатқа бару арқылы аң құстардың тапсырмасын орындау. Б( Тапқырлыққа, тазалыққа тәрбиелеу, табиғатты сүюге, оның байлықтарын дұрыс пайдалана білуге, еңбек сүйгіштікке дағдыландыру. Көрнекілігі: суретттер,оқулық. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі. Түрі: саяхат сабақ Сабақтың барысы Ұйымдастыру:Сәлемдесіп, сыныпты реттеу.Балалар бүгін ерекше сабақ. Олай дейтініміз сыныбымызға қонақтар келіп отыр.Барлығымыз сабаққа қажетті оқу құралдарымызды, алып, тыныштық сақтап отырайық. А) Кіріспе әңгіме - Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем. -Көктем айларын кім айтады? -Наурыз, сәуір, мамыр. -Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Күн жылынды. Қар ериді. Ағаштар бүршік жарады.. Кім көктем туралы қандай өлеңдерді білесіңдер? -Балалар біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Орманға немен барамыз? Егер мына жұмбақты шешсеңдер, саяхатқа осы көлікпен шығамыз. Жұмбақ Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. (автобус) -Дұрыс. Енді мына пішіндерден саяхатқа шығатын автобусты құрастырайық.Автобус бөліктерінің артында үйге берілген тапсырма бар. 5- жаттығу. Сан есім мен зат есім тіркестеріне сөйлем құрастырыңдар. Мен он алтыншы вагонда отырамын. Менің туған күнім бесінші айда. Марат екінші жүлдеге ае болды. Жаңа сабақ: Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді. Қанша? неше? сұрақтарға жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз. Мысалы: екі, бес, он алты. Нешінші сұрақтарға жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз. Қандай сөз таптарын білесіңдер? Бірінші аялдама «Сәлем сөздің анасы» Сәлемдесу туралы мақал білесің бе? Сөз жұмбақты шешу тапсырылыпты. 1.Уақыт өлшеуші (сағат) 2.Еі кіші масса бірілігі(грама) 3.Жіңішке сөзіне қарсы мағыналы сөз.(жуан) 4.Өте жақсы баға (бес) 5. Толық ондық (алпыс) 6. Сүттен жасалатын тағам (ірімшік) 7.Ақ алтынды ата(мақта) Екінші аялдама «Кішіпейілдік кісілік белгісі» Оқулықпен жұмыс: 1- жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді табыңдар. Үшінші аялдама Қаптағы сан есімдерді тиісті жәшікке салыңғдар. Реттік сан есім Есептік сан есім Бесінші, оныншы жиырма, алты, жүз Осы сан есімдерге сөйлем құраңдар. Сергіту сәті: Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық. Орнымыздан түрегеп, Басқа гүлге барайық. Төртінші аялдама «Үлкенге құрмет- кішіге міндет». Бұл аялдама да мынандай тапсырма бар екен? Соны орындайық.Әдептілік туралы мақал- мәтел айту. «Сіз» деген – әдеп, «Біз» деген – көмек. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. Оқулықтағы 2- жаттығуды орындау. Дәптерлеріңді ашып, ай-күнін жазайық. Есептік және реттік сан есімдерді екі қатарға бөліп жазайық. Есептік сан есім Реттік сан есім Бір тоғызыншы екі он бірінші жетпіс тоғыз отыз бесінші Өзің қалаған екі-үш сөзге сөйлем құрап жазыңдар. Мен жиырма дәптер сатып алдым. Менің ағам он бірінші сыныпта оқиды. 3-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. Ер бір рет өледі Қорқақ мың рет өледі «Кім шапшаң» ойыны. Плакатқа мынадай сандар жазылады. 9 10 40 8 60 0 т о қ с а н 1 2 8 30 0 б е с о н Математикалық қызықты тапсырмалар Бір ағаштың басында төот балық, екінші ағаштың басында балық. Барлығы неше балық болады? Жауабы: балық ағашта болмайды. Қорытындылау: Балалар бүгін біз саяхатқа шығып, көптеген тапсырмалар орындадық. Сендерге рахмет. Бағалау: Оқушылар бағаланды. Үйге: 5- жаттығу орындау