Математикадан ашық сабақ
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна
|
Здесь была ссылка на работу Математикадан ашық сабақ автора Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сыныбы: 3 «е» Мұғалім: Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна Пәні: математика Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі. Сабақтың мақсаты: 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу,кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару. 7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру. Ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту. Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын-сұрақтар. Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі,музыка. Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, 7 санына байланысты сызбалар Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық дайындық. Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық. -Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге сәттілік тілеймін. 2.Үй тапсырмасын тексеру -Үйге қандай тапсырма берілді?(Кезекші оқушы оқушылардың дәптерлерін жинап алып тапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп береді.) 3.Өткенді қайталау. Санды 6- ға көбейту және бөлу жағдайына байланысты ауызша есептеулер. « Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау. 6 ∙ 6 = 36 : 6 = 6 ∙ 6 = 6 ∙ 7 = 42 : 6 = 7 ∙ 6 = 6 ∙ 8 = 48 : 6 = 8 ∙ 6 = 6 ∙ 9 = 54 : 6 = 9 ∙ 6 = -Қане енді көбейту мен бөлудің компоненттерін еске түсірейік. 6 ∙ 8 =48 48 : 6 =8 Логикалық тапсырма 1)Егер 3 қорап сіріңке үшін 9 тг төленсе,онда осындай 5 қорап сіріңке үшін ____неше тг төлеу керек? 2) 1 мин ішінде сұңқар 3 км ұшса ,онда 6 мин ішінде ол ____ км ұшады? 3) 2 ц картоптан 16 кг крахмал алынады.3 ц картоптан ___кг крахмал алынды? -Дұрыс айтасыңдар? -Қане,балалар 1 аптада неше күн бар кім айтады? -Дұрыс 7 күн бар 4. Жаңа сабақ . - Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 7 – ге көбейту және бөлу кестесі.Сабағымыздың мақсаты: 7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру, есептер шығару. Сабағымызды Саққұлақ бидің мына нақыл сөздерімен бастағым келіп тұр. Адамның басшысы - ақыл, Жетекшісі – талап, Жолаушысы – ой, Жолдасы – кәсіп, Қорғаны - сабыр, Қорғаушысы – мінез, Сынаушысы - халық.. -Ендеше 7 киелі сан жайында терең білу мақсатында бірнеше тапсырмаларды орындау керек. Дәптермен жұмыс:Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазайық. Көркем жазу: 7 цифрын көркемдеп жазайық. -7-ге көбейту және бөлу кестесін құру арқылы «Жетіқарақшы» жұлдызымен толық таныса аламыз. Тақтамен жұмыс Көбейтінділердің мәндерін қалай табуға болады? йтінділердің мәндері қалай табылған? Бұл – 7- ні көбейту кестесі Теңдіктердің оң және сол жақтарын салыстырайық. Көбейту дегеніміз - бірдей қосылғыштардың қосындысы. Неліктен алдыңғы өрнектің мәніне қарағанда келесі өрнектің мәні 7 – ге артық? 7-ні үшке көбейту кестесі қалай құрылғанын кім түсіндіріп береді? 8 ∙ 7 = 7 ∙ 8 9 ∙ 7 = 7 ∙ 9 -Неліктен 7- ге бөлу кестесін құрғанда 7-ге көбейту кестесін пайдалануға болады неге? 5.Оқулықпен жұмыс №5 Бос орынға санды дұрыс қойсақ «Жетіқазына«жайында толық біле аламыз Жеті қазына 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. -Осы тапсырманы дұрыс орындасақ әлемдегі жеті кереметке не жататынын білетін боламыз. Х + 253 = 609 63 : х = 9 Х = 609 – 253 х = 63 : 9 Х = 356 х = 7 356 + 253 = 609 63 : 7 = 9 609= 609 9 = 9 Есепті оқу,талдау 7 тәрелкеге – 35 өрік пен 49 шие 1) 49 : 7 – 35 : 7 = 7 – 5 = 2 өрік 1 т. өріктер шиелерден қанша кем? Жауабы: 2 өрік кем № 8 (2) 7 банка – 3 кг ? 1) 7 ∙ 3 + 6 ∙ 2 = 21 + 12 = 33 6 банка – 2 кг Жауабы: 33 кг тосап. -Қане барлығымыз экранға назар аударайық Жеті жұт 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). №9 Палетканың көмегімен ауызша есептеу Қайсысы көбірек ауданды былғады? Жеті нота – жеті дауыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си.) Жеті ата 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Шығармашылық тапсырма: Талғат атасынан: Сіз неше жастасыз? – деп сұрады. Атасы : - Егер менің жасымды 7 есе кеміткенде шыққан санды 7 –ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасым нешеде екенін таба ғой, - депті. Талғаттың атасы неше жаста? Х : 7 – 7 =2 Х : 7 =2+7 Х : 7 =9 Х = 7*9 Х = 63 Ж: Атасы 63 жаста. 6.Сабақты қорытындылау: 7 –ге көбейту және бөлу кестесін пайдаланып, нәтижесін ата: 7 ∙ 7 = 49 7 ∙ 4 = 28 3 ∙ 7 = 21 56 : 7 = 8 8 ∙ 7 = 56 28 : 7 = 4 7 ∙ 6 = 42 7 ∙ 9 = 63 14 : 7 = 2 2 ∙ 7 = 14 5 ∙ 7 = 35 7 ∙ 6 = 42 7.Оқушылар білімін бағалау. 8. Үйге тапсырма: 129 бет №7,11 мысалды орындау, 7 – нің көбейту кестесін жаттау
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
294.5 Kb
|
Количество скачиваний:
|
39
|
Просмотров: 226
Похожие материалы