Эссе «Әдіскер– бағыттаушы, ізденуші, шығармашыл тұлға..»

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
     Эссе  »Әдіскер– бағыттаушы, ізденуші, шығармашыл тұлға..»                       «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу –  сезімнің ақындығы» - дегендей,  мен ұстаз болуды арман еттім...             Бала күнімде ең бірінші арманым – әнші болу еді. Өсе келе, жоқ,  мен телеарнадан хабар таратып, жаңалық жүргізіп отыратын диктор боламын деген де ой болды.  Адам жас кезінде өте арманшыл, қиялшыл болады екен. Әрбір естіген, көрген жаңа нәрсеге еліктеп, жақсы адамдарды кезіктірсең, мен неге сондай болмаймын? Сол кісідей неге солай сөйлемеймін, неге киінбеймін, бәрі мені сол кісідей неге жақсы көрмейді, құрметтемейді деген сияқты сұрақтар ойыңды мазалайды екен.  Өзінің сондай ерекшелігімен мені оқушы күнімнен өзіне қатты еліктірген, жүрегімнің түкпірінен орын алған жандардың  бірі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжаһан апайым еді. Сол кісінің әсері ме, әлде қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығым ба, әлде әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің өміріне деген құштарлығым ба, тағы да, бірнеше жылды артқа тастап, мұғалім болуды армандадым.  Мектепті «жақсы», «өте жақсы» деген бағалармен бітіріп, тарих, қазақ тілі, неміс тілі, қоғамтану сияқты пәндерден «Мадақтама қағаздарын» алғаннан кейін, мұғалім болу мамандығын таңдауыма азғантайда болса, септігі тиердей болды. Осылайша білім қуып, өмір деген өзеннің ағысына еріп, ұстаздық мамандығын таңдадым. Және қайда дейсің? Сонау Оңтүстіктен Батысқа қалай келгенімді, оқуға қалай түскенімді де білмей қалдым. Бұл жаққа келіп, білім аламын деген ой үш ұйықтасам, түсіме де кірмеп еді. Қазақстанда Орал деген қаланың барын да білмейді екенмін. Уақыт өте келе көптеген қызықтар мен қуаныштарға қол жеткіздім.  Балаға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбие сіңіруші адам – мұғалім. Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Институт қабырғасында оқып жүріп бала күнгі арманымдарыма қол жеткіздім. Наурыз мерекесі алғаш тойланып, сахнаға шығып ән айттым, көрініс қойып, шығарма мазмұнын баяндап тұратын автор да болдым. Ұстаздық жолын алғаш бастап, мектепке келісімен түрлі сайыстар өткізіп, шараны жүргізуші де болдым. Мен ұстаздық мамандығын еш қателеспей таңдаған екенмін. Себебі, педагогика саласы сені ұстаз болуға да, әртіс болуға да үйретеді екен.  Әрбір баланың жүрегіне жол тауып, біліммен қатар бала бойына мейірім шуағын дарыту - кез- келген ұстаздың қолынан келе бермейтін іс.         Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысы болар  әдіскер-ұстаз деп таныр едім. Себебі, әдіскер- ұстаз,  үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен лигвистикалық-турнирлер және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады. Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру – кезек күттірмейтін мәселе.          Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде.          Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады. Олар мыналар: - Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру; - Білімнің деңгейін көтеру; - Мамандардың кәсіби білімі мен білігі. Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған факторлардың барлық сатысынан өтуіне бірден- бір ықпал етуші адам. Құрамындағы әрбір ұстаздың уақытылы біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңа технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн сілтеп, керек жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар ешқашан  «Мен өзімді жетілдіріп болдым » деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп жатырмын» деп айта алады.         Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше, сол компьютерлерде пән мұғалімдері тек сабақ үрдісінде пайдаланып немесе жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынып, мұғалімдердің пән бойынша электрондық көмекші құралдар мен  әдістемелік құралдары жарық көруде. Бұл уақыт талабы, ғаламдану талабы. Компьютер қызметін жетік білетін ұстаз ғана оқушылардың ақпараттық техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолдануына көмек көрсете алады.                     
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 39 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 161

Похожие материалы