Эссе Әлем өзгеруде, біз де өзгерейік!

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                   Әлем өзгеруде, біз де өзгерейік!



    «Жаңа  форматты педагог»... Бұл атау да бүгінгі таңда педагогика  қызметі

саласында   жиі  ауызға  алынып  жүрген  жаңа ұғымдардың бірі екендігі баршамызға аян.Қазіргі кезде жаңа форматтағы мұғалімі  ретінде даму-уақыт талабы.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  жылдар ішінде егемен еліміз дамудың, жаңарудың даңғыл жолына түсті.Болашаққа  нық сеніммен қарайтын болдық.Қарап тұрсаң, өзгеріп жатқан дүние шаш етектен.Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп,артта «шаң қауып қалмаудың»амалын істеп бақ.Сондай өзгеріс білім беру саласын да бей-жай қалдырмаған.

Атап айтсақ, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің  үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық,өзгеріс, жаңа бастау десек те болады.Біздер бүгінгі таңда сол курста оқып,аяқтадық.«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан біз жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай.

Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзіміздің бойымызға өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу

   Өзіміздің осы жетістігімізді  басқа әріптестерімізбен бөлісу мақсатында кәсіби қоғамдастық  құрып  және оларға ықпал ете бастадық. Іс-тәжірибе барысында  әріптестерім біз қолданған әдіс-тәсілдерді өздері де сабақтарына енгізе отырып, оң өзгерістерімен бөлісті.

  «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында  сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау  сияқты қасиеттер  тоғыса келе , олар мейірімділік  атты  ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана  біз діттеген мақсат- мүддемізге  жетіп, «Ұлы ұстаз» деген  ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенеміз.

                                                                                       

                                                                                                            А.  Габдуллина

 

                                                                            Б.Нысанбаев  орта                                                                                                                   мектебінің мұғалімі

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.25 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 140

Похожие материалы