Эссе "Мәнгілік ел: бір ел, бір тағдыр"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Эссе

Мәнгілік ел: бір ел, бір тағдыр.

Қалиасқар Салтанат

«Корнеевка орта мектебі» КММ Есіл ауданы СҚО

10 сынып оқушысы

Жетекшісі:

Төлебаева Бейнегүл Қаратайқызы

2015жыл

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 20 жыл толды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп – өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.
Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды. Менің туған жерім Бұлақ ауылы болса да ,өскен жерім Корнеевка селосы.

Менің достарым әр ұлттың өкілдері. Біреуі –неміс болса.екіншісі-украин, үшіншісі-орыс,төртіншісі-грузин.Барлығымыз бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатырмыз.Мектепте әр түрлі шараларға қатысамыз.Барлық сынып болып «Туған тілім-жырымды саған арнаймын!»атты әдеби кешке белсене қатыстық.Наурыз мейрамына барлық сынып болып қатысып,мақтау қағаздарымен марапатталдық.
Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ – береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасай берсін!Еліміз терезесі кең, жері бай,халқы тату Мәңгілік елге айналсын демекпін.Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтар бір ел болып,бір тағдырды бірге кешіп,бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр.Қазақ елінде тұрса да,әр ұлт өкілдері өз тілдерінде мектепте оқуға, сөйлеуге құқықты.Бұл Қазақстанның бүкіл дүние жүзі елдерінің алдындағы үлкен бір жетістігі.Еліме,халқыма гүлдене бер, жасай бер демекпін.Мен Қазақстанда туып ,өмір сүріп жатқанымды бақыт тұтамын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 162 B
Количество скачиваний: 102
Просмотров: 396

Похожие материалы