Эссе "Ұстаз туралы ой!"

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

       Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына еш нәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

 

      Менің өмірдегі ұстанатын басты қағидам Грек философы Сократтың мына сөзі: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ».                         

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35.5 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 130

Похожие материалы