Эстафеталык ойындар бастауыш сынып

Предмет: Физкультура
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Өтетін жері: спорт зал

Сабақтың мақсаты:

1.Эстафеталық ойын түрлерін үйрету.

2.Оқушылардың қимыл-іс әрекеттерімен дағдыларын жетілдіру.
3.Ойын арқылы бала организмін шынықтыру.

Сабақтың көрнеклігі: ысқырық, доп, шар, эстафеталық таяқша, секіртпе

жіп, 2-парақ тб.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім.

III.Қорытынды бөлім.

I.      Ұйымдастыру бөлімі. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші рапортын тыңдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық жаттығулары.

1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан кейін солға бұрамыз (4рет).Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.

2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).

3.Қолға арналған жаттығулар.

Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).

4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып оңға(2рет), солға(2рет) иеміз.Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).

5. Аяқ жаттығулары. Қолымызды екі жаққа созып аяқ өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет).Тепе-теңдікті сақтап жоғары көтеріліп,қайта түсеміз(4рет).

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 512.23 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 106

Похожие материалы