Еуразияның географиялық орны.

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сыныптар: 7 Ә

Тақырыбы: Еуразияның географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар және басқа да нысандар.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – материктердің географиялық орнының ұғымын қалыптастыру. Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшелігін көрсету, Еуразия материгін қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатқандығын анықтау және жағалық сызықтары материктің қай бөлігінде көбірек тілімдегенін анықтау, мұхиттар мен теңіздерді сипаттау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлеріндегі кестені тексереді, сосын келесі сұрақтарды қояды:

1. Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлерінің табиғаты мысалында сипаттаңдар.

2. Ең ірі табиғат кешенге не жатады?

3. Географиялық қабық дегеніміз не? Оның қандай заңдылықтары бар?

4. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? Сендер тұратын жерлерде қандай табиғат зонасы бар?

5. Солтүстік жарты шар материктеріне қандай материктер жатады және неге?

Сосын балалардың рефераттарын жинап алады және әрбір балаға тақырып бойынша сұрақ қояды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өз рефераттарын қорғайды.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру алдында материктерді оқып үйрену Еуразия материгінен басталатынын айтады. Еуразияның географиялық орнын оқығанда оқушылар «материктің географиялық орны» ұғымымен алғаш рет танысады. Кез келген материктің географиялық орнын сипатау жоспарын береді:

а) материктің экваторға байланысты орналасу;

ә) бас меридианға қатысты орналасу;

б) тропиктік және поляр шеңберлерге қатысты орналасу;

в) градус торабына қатысты орналасу;

г) басқа материктерге қатысты орналасу;

ғ) мұхиттар мен теңіздерге қатысты орналасу;

д) географиялық белдеулерге қатысты орналасу.

Сосын материктің шеткі нүктелерін анықтауды үйретеді және оларды дәптерге жазып алуды ұсынады.

Сосын осы мұхиттарға сипаттама беруді оқулық соңындағы жоспар бойынша үйретеді.

а) географиялық орны мен ауданы;

ә) орташа тереңдігі мен ең терең жері;

б) мұхит табанының жер бедері;

в) Жағалауының тілімденуі, теңіздері мен аралдары;

г) Мұхиттағы беткі ағыстар, олардың материк табиғатына тигізетін әсері;

ғ) мұхит байлықтары және оларды игеру жолдары;

д) Мұхиттардың экологиялық жағдайы.

Бұдан кейін Еуразия ең ірі материк, бүкіл құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр, басқа материктермен салыстырғанда үлкен екенін, материктің ішкі аймақтары өте алыс жатып, бұның өзі климаттың қатаң континентті, құрғақ болып келетінін қорытында жасайды. Сосын Еуразияның қоныстану тарихы тақырыбын балаларға бөліп береді.

«Материктің географиялық орны» ұғымымен танысып, мұғаліммен бірге оқулық мәтіні мен жарты шарлар физикалық картасын пайдаланыпы Еуразияның географиялық орнын сипаттайды.

Оқушылар өз беттерінше мұхиттарын жоспар бойынша сипаттайды.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін балаларға тақырыпты өз беттерінше оқып шығуға және кескін картаға Еуразияның шеткі нүктелерін түсіруге тапсырма береді

Тақырыпты бекіту үшін балалар бір-біріне Еуразияның қоныстану тарихы бойынша сұрақтарды қояды және шеткі нүктелерін кескін картаға түсіреді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

VІІ

Үй тапсырмасы: § 14 карта мен жұмыс

Оқушылар үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.16 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 166

Похожие материалы