Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сыныптар: 7 Ә
Күні: 09.04.15
Тақырыбы: Климаттық белдеулер
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Ең үлкен материктің климат жағдайларының ерекшеліктері жөніндегі білімді қалыптастыру: Еуразия климатына қатысты әрбір климат қалыптастырушы
Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту
V кезең – үйге тапсырма беру
VІ кезең – бағалау кезеңі
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ
ІІІ
Жер шарындағы барлық климаттық белдеуде орналасқан бірден-бір материк. Еуразияның климаты аумығының созылып жатуына байланысты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде солтүстік жарты шардың суықтық полюсі Оймякон орналасқан және онда -70ºС тіркелген. Ең құрғақ ауданы Арабия түбегінде онда жылына 15 мм жауын –шашын түсетін Руб-эль-Хал шөлі орналасқан, ал Үндістанның солтүстік-шығысы (черапуджи елді мекені) жауын-шашын ең көп түсетін аймақ болып саналады. (жылына 12000 мм).
Еуразияның климат типтері:
Қоңыржай белдеудің теңіздік типі-материктің батыс бөлігінде Атлант мұхитынан келетін ауа массаларының әсерінен қалыптасады. Қыс айлары жұмсақ, жаз салқын, жыл ішіндегі жауын-шашын мөлшері -1000 мм.
Субтрпиктік материктік климат типі- Алдыңғы Азия қыраттары ауданындағы климат. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Шығыстағы муссонды климат типі: жазы жылы, маусымдық жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм
Тропиктік белдеу: Арабия түбегі, Месопатамия, Иран таулы қыратының оңтүстігі, Үнді өзенінің төменгі ағысын қамтиды. Субэкваторлық климаттық белдеу: Үндістан, Үндіқытай түбектерінде қалыптасады. Құрғақ кезең мен ылғалды кезең алмасып отырады. Жауын-шашынның басым бөлігі жаз айларында түседі.
Экваторлық климаттық белдеу: (Малакка түбегі мен Малай топаралы) жыл бойы температураның жоғарылығы және ылғалдылықпен ерекшеленеді.
Арктикалық және субарктикалық климаттық белдеудің 2 типі байқалады: батыс аудандарында теңіздік тип, жауын-шашын мөлшері жоғары, температураның ауытқуы аз, шығыс аудандарында климат шұғыл континентті, жауын-шашын аз және қысы өте қатал (-45ºС)
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сипаттама беру жоспарын жазып алып, оны жаттап алады.
Оқушылар топтарға бөлініп, өз мұхиттарын жоспар бойынша сипаттайды.
ІV
Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсері?
Диаграммаларға талдау жасау
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
VІ
Үй жұмысы:
1. §19 оқып, мазмұнын айту.
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.