Жер бедерінің негізгі пішіндері және пайдалы қазбалардың кен орындары

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сынып: 7 Ә

Күні: 02.04.15

Тақырыбы: Жер бедерінің негізгі пішіндері және пайдалы қазбалардың кен орындары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Құрлықтың жер бедері туралы бұрынғы алған теориялық білімдері негізінде Еуразияның жер бедерінің ерекшеліктерін ашу, материктің пайдалы қазбалары мен олардың орналасу заңдылықтарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырманы тексереді, сосын келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуразияның ең биік нүктесі? Ең төмен жатқан нүктесі?

2. Еуразияның географиялық орнына сипаттама беріңдер.

3. Еуразияның шеткі нүктелері, қоныстану мен зерттелу тарихынан не білесіңдер.

4. Еуразияны шайып жатқан мұхиттары туралы не білесіңдер?

Сосын балалардың кескін карталарын тексеріп, бағалайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өз дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру барысында Еуразияның жер бедері алуан түрлі екенін айтып, орташа биіктігі 840 м, жартысынан астамы таулар, ең биік шыңы Джомолунгма (8848м) мен ең төмен нүктесін Өлі теңіз (-403м) айтады. Сосын балаларға биіктік ауытқуын анықтаңдар деп тапсырма береді.

Материктің негізін құрайтын Еуразия тақтасы әр түрлі жастағы құрылымдарынан тұрады (Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, Оңтүстік Қытай платформалар). Оңтүстігінде өте күшті тау жасалу жүрді (Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраты, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары).

Еуразия арқылы д.ж-де аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді (Альпі-Гималай белдеуі, Тынық мұхиттық геосинклинальді белдеу). Еуразияда ең биік жанартау – Ключи шоқысы (4750м).

Сосын балаларға жер бедерінің негізгі түрлері тақырыпшасын оқушыларға бөліп береді: Сосын еуразия пайдалы қазбаларға өте бай екенін айтып, олар түзілу жағдайларына байланысты магмалық және шөгінді болып бөлінетінін айтады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Сосын балалар Еуразия материгінің биіктік ауытқуын анықтайды.

Сосын балалар жер бедерінің негізгі түрлері тақырыпшасын өз беттерінше оқып талдайды.

ІV

ақырыпты бекіту үшін балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Кестені толтырыңдар.

Магмалық пайдалы қазбалар

Шөгінді пайдалы қазбалар

Пайда болу жолы

Шоғырланған жері

Таралған аймақтары

Пайдалы қазба түрлері

2. Кескін картаға Еуразия аумағындағы ежелгі платформаларды және оларға сәйкес келетін ірі жазықтарды, геосинклиналдық белдеулер мен олардағы тау жоталарының жату бағыттарын белгілеп, аттарын жазыңдар.

Тақырыпты бекіту үшін балалар тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

VІІ

Үй тапсырмасы: § 15 картамен жұмыс

Үй тапсырмасын жазады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.45 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 116

Похожие материалы