Еуропаның шаруашылығы.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сынып: 11 А
Күні: 14.11.14
Тақырыбы: Еуропаның шаруашылығы.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Еуропаның шаруашылығы және оның басты бағыты, қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Еуропа шаруашылығының жалпы сипаты, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығы, шаруашылығын дамытудың алғышарттары, даму кезеңдері, шаруашылығының басты салалары, олардың орталықтары, көлік жүйесінің түрлері, жол тораптары, өндірістік емес салалары, экономикалық ынтымақтастық, ішкі айырмашылықтары туралы білік-дағдыны қалыптастыру, туристік орталықтардың басты ерекшеліктерімен танысу.
Дамытушылық мақсаты – Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағытына, өнеркәсіптің шоғырлану аймақтарына, Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіп салаларының басты ерекшеліктерін, аса ірі аудандары мен басты орталықтарын анықтап, олардың қалыптасу жағдайларын түсіндіру. Оқулық пен атлас карталарын, Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендер ірі теңіз порттарын анықтауға, Еуропалық Одаққа мүше елдер шаруашылығының маманданған салаларына баға беруді үйрену.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
Күтілетің нәтиже
І
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кесте мен диаграмманы салыстырып, табиғат ресурстарының сипаттамасын сұрайды.
1.Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?
2. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?
3. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?
4. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?
5. Ең көп тараған тіл әулеті?
6. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?
Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын
және дәптерлерін тексеруге береді.
Ойларын жинақтайды
ІІІ
Тақырыпты түсіндіруді шаруашылығының жалпы сипатынан бастап, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығына: 1) Еуропа жерінде игерілмеген бөліктің қалмауына; 2) жерінің шағын болуы мен елдердің жақын көршілік жағдайына тоқталады.
Одан кейін Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне шолу жасайды.
Келесі кезекте Еуропа өнеркәсібіне талдау жасайды. Соның ішінде: машина жасау, химия, отын-эгергетикалық, қара металлургия т.б. Өнеркәсібі туралы мәлімет береді. Мысалы, машина жасаудың электроника, электротехника, автомобиль, авиазымыран-ғарыш т.б. салалары басым тараған. Одан соң химия саласында тек осы аймақта ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең «химияландырылған» ел – Германия алатын орны ерекше екенін айтады. Ал ағаш өнеркәсібінен халықаралық маманданған аймақтағы елдер: Швеция, Финляндия, Румыния, Югославия, Италия.
Осы аймақтағы дамыған өнеркәсіптің бірі – жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп орталықтарын кесте түрінде береді.
Сонымен қатар, колөнердің дәстүрлі түрлері де сақталғанын айтады.
Өнеркәсіпке толық сипаттама берілгеннен соң, ауыл шаруашылығын, оның қалыптасуын, даму кезеңдерін, өнімдернің негізгі түрлерін, белгілерін сипаттайды. Еуропада ауыл шаруашылығының үш аймақтық түрі қалыптасқан: 1) Солтүстік Еуропада интенсивті сүтті мал шаруашылығы. Исландия, Норвегия, Дания елдері балық аулау маманданған саласы болып табылады. 2) Орта Еуропа ауыл шаруашылығы сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы, сондай-ақ шошқа мен құс өсіруге маманданған. 3) Оңтүстік Еуропа өсімдік шаруашылығына маманданған.Ал көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптарына талдау жасауды және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарына мұғалім оқушыларға өз беттерінше талдауға бөліп береді.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қысқаша конспект жазып отырады.
Оқушылар кестені көшіріп алады, естеріңе сақтайды.
Сосын көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптары және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарын оқушылар өз беттерінше талдауға бөліп береді.
Еуропаның шаруашылығымен танысады.
ІV
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағыты қандай?
2. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?
3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?
4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?
5. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Ойлрын бекітеді
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
Үзіліске шығады.