Информатика пәнінен сбақ жаспары 10 сынып
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Уалиева Назымгуль Маратовна
|
Күні:
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпаратттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар.
Сабақтың мақсаты:
- Жаңа тақырыпты түсіндіру, әлемнің ақпараттық бейнесіне, ақпараттық үдерістеріне, ақпарат жүйелері мен ресурстарына, білім беру ақпараттық ресурстарына түсінік беру.
- Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер.
Сабақтың әдістері:түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ – жауап, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі.
Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпаратты өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінен information – түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді. Жалпы алғанда, бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, бейнелеу, сезіну ұғымдарынамен тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл жайында Білім дәуірі немесе Ақпарат дәуірі деп аталып, «ақпаратты қоғам», «ақпараттық технологиялар» сияқты терминдер жиі айтылатын болды. Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз. Ақпарат таңба және сигналдар түрінде берілсе, оны әртүрлі тәсілдермен аламыз. Кітап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата –анамен, достармен әңгімелескенде ақпарат алынады. Ақпарат, ақпарат жеткізушіден оны үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық, кибернетикалық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 663.31 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |