Инновациялық жұмыс баяндама :"Шығармашылық өмір талабы"

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Инновациялық іс-әрекет арқылы педагогикалық еңбектің сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру.

 

 

   Мектептің негізгі түйінді мәселесі: «Оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, қоғамның белсенді азаматтарын, бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру».

 

   Әдістемелік кеңестің түйінді тақырыбы. « Ұстаздардың жаңашылдық, зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын арттыра отырып, инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру».

 

 

   Мақсаты:

  • Жаңаша білім беру мазмұнына «әркімге таңдау бойынша білім беруге» көшуге қабілетті және нақты іс-әрекет жүргізуге икемді, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші мұғалім тәрбиелеу, қалыптастыру.

  • Оқу үрдісіндегі жаңалықтарды мұғалімдерге жеткізу, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.

  • Жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа жолдар табу.

     

     

    Міндеті:

  • Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың құрылымымен, ерекшелігімен, түрлерімен, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру жолдарымен таныстыру.

  • Жаңа технологияны оқу-тәрбие үрдісіне практика жүзінде үйрену, енгізу.

  • Қолданған жаңа технология әдістерінің нәтижесі, оның тиімділігі, мұғалім мен оқушы еңбегінің нәтижесі мен жетістіктерін талдау.

     

     

     

     

     

     

     

     

       Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің басты мақсаты- білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

       ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың қарқынды дамуы дәлел. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;

  • Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік білім бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

    Үшінші мыңжылдық-құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формацияның мұғалімінің инновациялық іс-әрекет кезеңі.

        Инновациялық үрдіс-білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, қоғамның, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңа мұғалімі қажеттілігінен туындаған үрдіс. Құзіреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үрдіс-нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс, педагогикалық қауымдастықтың сұранысын қанағаттандыратын, қоғамдық педагогикалық құндылықтарына сәйкес жаңаны меңгеру, қолдану, талдау, салыстырмалы бағалау.

        Қоғамдағы, білім беру саласындағы инновациялық үрдістер мен реформалар педагогика ғылымына «инновациялық білім», «инновациялық даярлық», «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық технология», « мұғалімнің инновациялық даярлығы» және т.б. жаңа ұғымдарды өмірге алып келді.

       Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет. Мұғалімнің инновациялық даярлығы –мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі және оның өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуына қажетті жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруі.

       Мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті-оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру.

       Мұғалімдерге инновациялық білім берудің формаларына: арнайы инновациялық курстар, семинар-конференциялар, педагогикалық тренингтер, инновациялық педагогикалық оқулар мен форумдар, ғылыми жобаны қорғауға арналған әр түрлі байқаулар мен сайыстар және т.б. жатады. Инновациялық білім беру әдістеріне: әңгімелесу, пікірлесу, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап, миға шабуыл және т.б. эвристикалық әдістер кіреді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 102.5 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 94

Похожие материалы