“ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ”
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жумашова Лэйла Батыровна
|
Мақсаты: Инновация жағдайында жоғары педагогикалық білім беруде жаңа формация педагогын дайындаудың жүйесін жасау.
Міндеттері:
1. Инновациялық технологиялар және оның жіктелімі (класификация).
2. Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық и технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі.
3.Инновациялық технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың жолдары.
1. Инновациялық технологиялар және олардың жіктелімі (классификация)
Жаңа заман талабына сай мұғалімнің шеберлігін арттыруда бiлiм мазмұны мен оқыту технологияларының рөлі ерекше. Оқыту технологияларын талдағанда, қазiргi өркениеттi елдер тәжiрибесiнде жүзеге асырылып жатқан бiлiм берудiң жаңа моделiне – Нәтижеге бағдарланған бiлiм моделiне - сәйкес келетiн оқыту технологияларын iрiктеудi қажет етедi. [2]
“Оқыту технологиясы” терминi алғаш рет АҚШ-та ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. “Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos –оқу сөздерiнен шыққан. Белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс ретінде технологияларды қолдану қазіргі уақытта өзектілік көрсетіп отыр. [4]
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына «техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi әдiстерi- деп анықтама берiлген. Педагог-ғалым В.М.Шепель: Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,»- дедi. И.Г. Зайнышев: [5]«белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-тәсiлдер жүйесi» деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны «белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер жиынтығы»- деп санайды.
Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан дәл анықтама болмағанымен, олардың бәрiнiң тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, бiрiншiден, технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы; екiншiден, технологияның сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны; үшiншiден, технологияның бiртұтас әдiс-тәсiлдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, технологияның бiлiм мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың жолдарын iздестiрудiң нәтижесi ретiнде туған тұжырым екендiгi даусыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 80.32 Kb |
Количество скачиваний: | 37 |