Интеллекті ауыр деңгейде бұзылған оқушыларды әлеуметтік ортаға дайындаудың алғашқы қадамдары.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Имангазина Гульбаршын Куандыковна
|
Бүгінгі күні біз жаңа дәуір - жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы бар зор міндет. Ұрпақ тәрбиесін қозғай отырып, дені сау балалармен бірге, мүмкіншілігі шектеулі балалардың да құқылы білім мен тәрбие алуына байланысты ҚР заңнамалары бекітілген.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі ақыл-ойы орташа дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепте болуы мүмкін екендігін көрсететін оқу жоспарын бекіткен болатын. Осы құжатқа сәйкес аталған мектептің екінші бөлімін құрайтын арнайы сыныптар ашылды.
Осындай мектептің бірі Ақтөбе қаласындағы №7 арнаулы (түзету) мектебінде ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар балалармен бірнеше жылдар қатарынан жұмыс жасап келеді. Мектеп үнемі жыл сайын ізденушілік бағытта жұмыс жасай отырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Жаңа технологияларды, әдістерді тәжірибе жүзінде пайдалана отырып, тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша «Түзету жұмысын ұйымдастырудың мағынасы «алға қарай озып, және де баланы өзіңмен бірге ертіп ала жүру» деген екен.Зерде бұзылыстары бар балалар коррекциялық педагогикада үнемі үздіксіз оқыту мен яғни, олардың қоршаған ортамен байланысын білу, түсіну, әлеуметтік ортада өздерін икемдеп, жүзеге асыру сияқты әр түрлі мақсаттар тұр. Сонымен бірге өздерін қамтамасыз ете алу, қоғамдық ортада мәдениетті болу т.с сияқты көптеген мақсаттар көп.
Түзетушілік тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттері айқындалған және де негізінен мына бағыттарды қамтиды:
· Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту, ол үшін денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолдану:
· Баланың ойында «Мен», « Мен және басқа адамдар» деген концепциясын енгізу және қолдану. Пәндік -практикалық тұрғыда түсінікті деңгейде әр түрлі танымдық процесстерін арттыру;
· Өзіне-өзі қызмет ете алуға баулу, мүмкіншілігінше басқа адамға тәуелді болмау; қоршаған ортада өзін ұстай білу және де қоғамдық ережелерді сақтау;
· Шығармашылық , қол еңбегі қабілеттерін дамыту, ұйымдастыру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 51.5 Kb |
Количество скачиваний: | 6 |