Иондық байланыс
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Битабарова Хадиша Исабековна
|
Тақырыбы:Иондық байланыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химиялық байланыс туралы білім алуына жағдай туғызу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымдарын кеңейту;
Тәрбиелік:Топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Әдісі: ой қозғау, Венн диаграммасы, есептер шығару;
Көрнекілігі: сызбалар, топшамалар;
Күтілетін нәтиже:1. Иондық байланыс туралы түсінеді;
2. Тапсырмалар орындай алады.
І Қызығушылықты ояту
І-тапсырма.
1. Кристалдық торлар түрін атап беріңдер.
2.Қандай кристалдық торлар ең мықты ? Неге?
3. Тор түйіндері деген не ?
4.Иондық кристалл торлы заттардың қасиеті қандай болады?
ІІ-тапсырма
Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар:
ІІ-тапсырма. Тест (5-сұрақ)
1. Атомдық кристалл торы бар зат
A) ромбылық күкіртB) графитC) иілімді күкіртD) қызыл фосфорE) кристалдық күкірт
2. Молекулалық кристалл торлары бар заттар:
A) алмаз және ас тұзыB) ас тұзы және құмC) құм және күкірт
D) су және алмазE) күкірт және су
3. Иондық тор түзбейтін зат:
A) күкірт қышқылы.B) магний оксиді.C) калий ацетат.
D) мыс (II) сульфаты.E) натрий гидрооксиді.
4. Молекулалық кристалл торы бар зат:
A) кремний.B) барий оксиді.C) мырыш гидроксиді.D) алюминий.E) хлорсутек.
5.Молекулалық кристалл тор түзбейтін зат:
A) азот.B) аммиак.C) фосфор.D) күміс оксиді.E) күкірт диоксиді.
ІІІ-тапсырма. Сәйкестікті иабыңдар.
Реттік санмен химиялық байланыстың анықтамалары ,әріппен ол байланыстардың аталуы берілген, жұпта.
1. Ортақ (байланыстырушы) электрон жұбы түзілгенде пайда болатын химиялық байланыс;
2. электростатикалық тартылыс күштері әсерінің нәтижесінде иондар арасында болатын химиялық байланыс;
3. кристалл тордың түйініндегі электрондарынан уақытша айрылған оң зарядты металл атомдар (иондар) мен бос электрондар бұлттарының арасындағы байланыс.
А) иондық
В. Коваленттік
С. Металдық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 147.7 Kb |
Количество скачиваний: | 157 |