Жана сабак

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:§10. Жолдық шамалармен жұмыс .

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : . Символдармен, мәтінмен атқарылатын жұмыстар туралы жалпы

түсінік береді, программалауда Паскаль оперторларын тиімді

қолдану дағдысын қалыптастырады.

Тәрбиелігі :Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын дамытады.

Программа мәтінін, нәтижелерін экранға шығару интерфейісіне

эстетикалықталап қоя біледі.

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін

біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Char– айнымалының мәні жеке символ болатынын білдіретін тип,

String-айнымалының мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип, мәндегі символдар саны 256-дан аспауы керек.

Text-мәтіндік тип, файл аттарын белгілеуде қолданылады.

Апострофқа алып жазылатын, бір жолда орналасқан ASCII тобына жататын символдар тізбегі – символдар жолы деп аталады. Символдар жолы STRING қызметші сөзімен белгіленеді. Компьютерде жолдың әр символы 1 байт орын алады.

Жолдық шаманың айнымалылар бөлімінде сипатталу түрі: <айнымалы аты>: STRING [жол ұзындығы];

Егер квадрат жақшада жолдың ұзындығы көрсетілмесе, онда жолдың ұзындығы 255 – ке тең деп алынады.

Мысалы:

Var

a: STRING [5];

symb: STRING[3];

Жолдық тұрақтылар экранға шығарылатын әртүрлі хабарламаларда қолданылады.

Жолдық шамаларға біріктіру және салыстыру амалдары қолданылады.

Біріктіру амалын конкатенация деп атайды, және «+» белгісімен белгіленеді. Мысалы: ‘8’+’сынып’=’8сынып’

Салыстыру амалдарына <,>, <=, >=, < >, = белгілері жатады. Жолдық шамалардың салыстыру нәтижесі логикалық шама. Салыстыру осы шамаларға кіретін символдардың кодтарына байланысты болады.

Мысалы:

‘CCC’>’CC’TRUE

‘Bol_’>’Bol’TRUE

Ескерту: STRING типті айнымалылар мәндерін енгізуді READLN (READ емес) операторымен орындаған дұрыс.

Жолдық типтегі шамалар үшін келесі стандартты функциялар қолданылады:

Символдық шамаларға қолданылатын функцияларды пайдалануға мысалдар қарастырайық.

1 – мысал: Берілген екі сөз тіркесінен ең ұзынын анықтау.

Program esep1;

var soz1, soz2: string;

N,i: integer;

Begin

Write (`eki sozdi engiz`);

Readln (soz1, soz2);

N:=lenqth (soz1);

I:= lenqth (soz2);

If (N > I) then write (N) else write (I);

End.

2 – мысал. Сөз тіркесі берілген. «по» буыны қанша рет кездесетіндігін есептейтін программа құру.

Program esep2;

var s: string;

N,i: integer;

Begin

Write (`berilgensozdi engiz`);

Readln (s); N:=0;

Begin

For i:= 1 to lenqth (S) do

Ifcopy (S,I,2) = ‘по` then N:= n+1;

End;

Write (` «по»` саны N=`, n);

End.

Программаныңнәтижесі:

berilgensozdi engiz

попона – енгізілген сөз

«по» саны N =2 – шыққан нәтиже

Оқулықтан 3,4,5- мысалдарды орындау.

Қорытынды

Бақылау сұрақтары

  1. Жолдық шамалар қандай қызметші сөздермен белгіленеді?
  2. Бір жолдық айнымалыға қанша символ жазуға болады?
  3. Жолдық шаманың ұзындығы деген не?
  4. Жолдық шамаларға қолданылатын амалдар қандай?
  5. Жолдық шамаларды өңдейтін стандартты функцияларға не кіреді? Олардың мәндеттері қандай?Практикалық жұмыс №16Үйге тапсырма § 10 тақырыпты оқу, тестке жауап жазу
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 492.04 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 142

Похожие материалы