Здесь была ссылка на работу ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТІ ДИОДТАРДЫҢ АРНАЙЫ ТИПТЕРІ автора Калакова Гульсим Кабдуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жартылайөткізгішті диодтардың түрлері. Арнайы жартылайөткізгішті диодтарға p-n-ауысуының ерекше қасиеттері қолданылатын құралдар жатады: басқарылатын жартылай өткізгішті сыйымдылық-варикаптар және варакторлар; Стабилитрондар — көшкіндік режимде жұмыс істейтін жартылайөткізгішті диодтар. жартылайөткізгішті диодтың кері ығысуы кезінде p-n-ауысуының электрлік көшкіндік ақауы пайда болады. Туннельді диодтар. Туннельді эффект p-n-ауысуы арқылы токтың туннельді өтуінде негізделеді. Бұдан ток кернеудегі потенциалдардың қатынас түрлілігінің аздығынан өтуді бастайды. Туннельді эффект өте жіңішке қабаттың өрбітілуіне жетеді,ол туннельді диодта 0,01 мкмге жетеді. Осындай жіңішке қабаттан онда тіпті 0,6...0,7 В кернеуі кезінде жиек кернеуі (5...7)*105 В/смге жетеді. осындай жіңішке p-n-ауысудан маңызды ток өтеді. Инжекционды лазер - деп монохромдық сәуле шығаратын диодты айтады. Когерентті монохромдық сәулелену белгілі бір тоғы бар инжекция кезінде заряд тасымалдау кезінде пайда болатын фотонды рекомбинацияға жағдай жасайды. Ынталандыратын фотонды рекомбинация басым болатын минималды ток шекті деп аталады. Шекті токтан жоғары токты ұлғайтқан кезде монохромдық сәулелену мәні нашарлайды.