Здесь была ссылка на работу Жарқын болашаққа нық қадам. Тәрбие сағаты автора Маханбетова Қымбат Мұсақызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жарқын болашаққа нық қадам Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Өз республикасын танып- білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтің суреті. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, бәріміз бірге шеңбер құрайық, бір-бірімізбен сәлемдесейік. Бәріміз қосылып мына өлең жолдарын айтайық. Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарымды көргенде. Қуана қарсы аламыз Сәлеметсіздер ме апайлар,ағайлар! Жүректен жүрекке Оқушыларға жылы лебізімді білдіремін. Бүгінгі сабақтың тақырыбы ерекше өйткені біз бүгін «Отан», «махаббат» туралы әңгімелесеміз. Махаббат сүйіспеншіліктен туады. Балаға деген махаббат, анаға деген махаббат. Соның ішінде біз бүгін туған жерге,елге деген махаббатымыз, сүйіспеншілігіміз туралы айтамыз.Қазір бәріміз орнымыздан тұрып, қолымызды жүрек тұсына қойып, Отанымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын айтамыз. Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз- Тәуелсіз мемлекет. Сондықтан өзіміздің мемлекеттік Әнұранымыз, Елтаңбамыз, мемлекеттік туымыз бар. Біздің ұлттық тіліміз- қазақ тілі. Республикамыздың президенті- Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көгілдір түсті. Тудың ортасында күннің отыз екі шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген.Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Ол алтын түспен бедерленген. - Мемлекеттік туымыздың түсі қандай? - Неге ұқсайды? - Аспанға ұқсайды Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.