Жасушаның бөлінуі. Митоз

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:
Митоз дегеніміз – бұл жасушалардың бөліну жолдары, мұнда бір аналықтан 2 еншілес жасуша түзіледі де, ондағы хромосомалар жиынтығы өзгермейді. Адам, жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтар да дене жасушасы митоз арқылы бөлінеді.      Кез келген күрделі үдеріс тәрізді митоз лезде өтпейді.Жасуша бірқатар жүйелі фазаларда өтеді. Соның нәтижесінде еншілес жасушаның әрқайсысы аналық жасушада қандай болса, дәл сондай хромосомалар жиынтығын алады. Митоздың 4 фазасы бар, олар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп аталады.     Әрбір фаза белгілі уақыт аралығында ғана өтеді. Жасуша күйі үнемі өзгеріп тұрады. Профаза. Центриолдар жасуша үйектеріне таралып, бөліну шүйкесінің жіпшелері қалыптаса бастайды. Метафаза. Хромосомалардың барлығы жасушаның экваторлық жазықтығында сапқа тұрып, «метафазалық тақташалар» түзеді. Анафаза. АТФ энергиясы есебінен бөліну шүйкесінің жіпшелері қысқара бастайды. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Телофаза. Профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Соңында әр жасушаның заттары толық қалыптасып, интерфаза сатысына көшеді. Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы. Митоздық бөліну - өсу процесінің маңызды кезеңі. Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы  генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпартаттың көшірмесі болып табылады. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді. Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады немесе кемиді. Ол жасушаны үлкен өзгеріске ұшыратады. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жояды немесе мутацияға ұшырайды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.88 Kb
Количество скачиваний: 94
Просмотров: 371

Похожие материалы