Құжатқа графиктік объектілер және диаграммаларды, математикалық формулаларды кірістіру.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ербатырқызы Жазира Ербатырқызы
|
Пәні:Информатика
Сыныбы:10 «б»
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Құжатқа графиктік объектілер және диаграммаларды, математикалық формулаларды кірістіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Диаграмма құру үшін ең алдымен мәлімет керек екенін түсіндіру қажет.Кесте туралы мәлімет беру,диаграмма құру үшін мәліметті кестеге енгізу керектігін түсіндіру және диаграмманың түрлерін қарастыру.
Тәрбиелілік:Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту.
Сабақтың әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік қолдану,тәжірибелік әдіс.
Сабақтың көрнекілігі:компьютер,экран,проектор.
Сабақтың типі:Тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
Диаграмма құру үшін бізге ең алдымен сандық және мәтіндік ақпарат керек.
Кесте-жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылады,мысалы:5 баған,5 жол болуы мүмкін.
Жол-қатар орналасқан ұяшықтардың көлденең бірлестігі.
Баған-қатар орналасқан ұяшықтардың тік бірлестігі.
Баған мен жол қиылысып,ұяшық түзеді.
Ұяшық-дерек сақталатын орын.
Құжатта диаграмма құру үшін біз кестемен жұмыс жасаймыз.Диаграмма-Microsoft Excel және Microsoft Word программаларының графикалық мүмкіндігі.Мәліметтерді кестеге енгізіп,диаграмма құрамыз,яғни,диаграмма-деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.Диаграммалардың түрлері:
· Бағандық
· Сызықтық
· Дөңгелек
· Нүктелік
· Сақиналық
· Көпіршіген
· Жапырақшылық
· Цилиндрлік
· Конустық
· Пирамидалық
· Биржалық
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалық екі осі болады:горизонталь(категориялық)
және вертикаль осі (мәндер осі).Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось-қатарлар қосылады.
IV Жаңа білімді бекіту
Диаграмманы тәжірибе түрінде орындау арқылы білімдерін бекітеміз.
V Қорытынды кезең
VІ Бағалау
VІІ Үйге тапсырма §17 оқу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.24 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |