Методические указания по выполнению лабораторно-практических заданий по дисциплине ""
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Манарбек Махпал Манарбековна
|
Мақсаты: Операциялық жүйе туралы түсінік алу; Windows операциялық жүйесімен танысу;
Терезелер және қосымшалармен жұмыс істеу әдістерін үйрену. Стандартты қосымшалармен жұмыс істеп үйрену
Теориялық негіздеме:
Операциялық жүйе (ОЖ) – қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютерді және оның ресурстарын басқарады, басқа программаларды іске қосады. Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда жүктеледі.
Компьютерлердің әртүрлі моделдерінде қолданылатын ОС тердің мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОС түрлеріне MS DOS/PS DOS/, CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер Windows программалары жатады.
Windows операциялық жүйесі
Windows – көп есептік операциялық жүйе. Көп есепті операциялық жүйе бірнеше программамен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйенің программаларын тез және оңай меңгеруге болады. Windows ортасында жұмыс істеу үшін, экранда көрсетілген керекті жүйені тышқан арқылы белгілеу қажет.
Windows экранының негізгі бөлігін Жұмыс үстелі алып жатады. Онда қапшықтың, дисктің, программаның және т.б объектілердіңбелгішелері орналасқан. Егер белгішеде белгісі болса , онда ол жарлық деп аталады. Жарлық – жұмыс үстелінде емес, қандайда бір бумадағы объектіге сілтеме. Windows терезесі –Windows-тың әртүрлі программалары орындалатын экранның төртбұрышты аумағы. Әр программаның өзінің терезесі болады. Барлық терезенің құрамы және құрылымы бірдей болады.
Терезенің құрамына келесі элементтер кіреді:
1 – тақырып қатары – программаның аты және терезенің аты көрсетілген терезенің жоғарғы жолы;
2 – терезені жинап қою батырмасы;
3 – терезені қалпына келтіру батырмасы (бұл батырманың болуы терезенің қалпынан тәуелді);
4 – терезені жабу батырмасы;
5 – жүйелік меню батырмасы– терезенің жүйелік менюын ашады;
6 – менюлар қатары – терезені басқару менюларынан тұрады;
7 – саймандар тақтасы – жиі қолданылатын командаларды шақыратын батырмалардан тұрады;
8 – айналдыру сызығы – терезенің мазмұнын қарауға мүмкіндік береді;
9 – жұмыс өрісі – объектіні (текст, сурет, белгіше және т.б.) орналастыруға және олармен жұмыс істеуге арналған жазықтық;
10 – қалып-күй – қалыптың индикаторлары орналасқан төменгі жолақ;
11 – терезенің жақтаулары
Терезе экран бетінде үш түрде болады:
¯толықэкранды– терезе экран бетімен бірдей болып ашылады;
¯қалыпты– терезе экранның қандайда-бір бөлігін алып тұрады;
¯жиналған – терезе жиналған күйде .
Терезені жабу: Қосымшамен (программа) жұмысты аяқтау үшін, терезені жабу қажет.Екпінді терезені келесі әдістердің бірімен жабуға болады:
¯терезені жабу батырмасын басуr;
¯пернеліктен Alt+F4пернелер тобын басу;
¯Файлменюінен Выходкомандасын таңдау;
¯терезенің жүйелік менюынан Закрыть командасын таңдау (жүйелік меню батырмасын сырт еткізу).
Файлдық жүйе. Барлық информация (программалар, құжаттар, таблицалар, суреттер ж/е т.б.) файл түрінде сақталады. Файл – информацияны сақтау үшін дисктегі аты бар орын. Кез келген файлдың атауы және заты болады. Файлдың заты оның типін көрсетеді. Файлдың атауы ең көп дегенде 255 символдан, заты 3 символдан тұрады. Атауы мен заты нүкте арқылы ажыратылады.
Мысалы: Договор аренды.doc
Файлдың атауында және затында келесі символдарды қолдануға болмайды:
* ? / | : < > "
Файлдың атауының алдында оның затына байланысты белгіше тұрады.
Бума (каталог) – информацияны сақтау үшін дисктегі аты бар орын. Буманың аты 255-ке дейінгі символдан тұрады. Әрбір буманың ішінде басқа бумалар, құжаттар, таблицалар, суреттер және т.б болуы мүмкін. Бумалар жиынтығы ағаш тәрізді құрылымға ие болады.
Жұмыс үстелінің арнайы бумалары
Менің компьютерім – компьютердің дискілерінің мазмұнын көрсететін және файлмен, бумамен әртүрлі операциялар /программаны іске қосу, көшірме алу, жылжыту, файлдарды жою, және т.б/ орындауға мүмкіндік беретін арнайы папка.
Қоржын – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген, арнайы папка.
Портфель – әртүрлі компьютерлерде өңделген құжаттардың көшірмелерін келістіру үшін қолданылады.
Желілік орта – локальдік желіге қосылған компьютердің дискісінің мазмұнын қарау үшін және онда әртүрлі операциялар жасау үшін қолданылатын арнайы папка.
Тапсырмалар тақтасы - қосымшаларды іске қосу үшін және бір қосымшадан екінші қосымшаға ауысу үшін қолданылады. Тапсырмалар тақтасында Пуск батырмасы, екпінді қосымшалардың батырмасы және индикаторлар орналасады.
Windows-қа қандайда бір команданы орындау үшін, қосымша информация керек болған жағдайда Сұхбат терезе ашылады.
Жанама меню – объектіні басқару жөніндегі негізгі командалардан тұрады. Жанама мәзірді шақыру үшін объектінің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Мысалы, тапсырмалар тақтасының үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басса, екпінді қосымшалардың терезелерін басқаратын командалардан тұратын жанама мәзір ашылады. (6-сурет), Жанама мәзірінің командалары да сол жақ батырма арқылы таңдалынады.
Қоржын/Корзина – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген арнайы папка. Жойылған бумалар мен файлдарды қалпына келтіру үшін: алдымен оны белгілеп, одан кейін Файл мәзірінен Восстановить командасын таңдау қажет. Ал бумалар мен файлдарды қоржыннан жою үшін: белгілеп, Delete пернесін немесе батырмасын басу жеткілікті. Қоржындағы барлық бумалар мен файлдарды жою үшін Файл мәзірінен Очистить корзину командасын таңдау керек.
Windows операциялық жүйесінің программалалық құралдары:
1. Графикалық редактор
2. Мәтіндік редактор
3. Блокнот және Калькулятор программалары
4. Мультимедиалық мүмкіндіктері.
5. Жолсерік бағдарламасы.
Жұмыстың орындалу реті:
Құжаттарды іздеу терезесімен жұмыс істеу
Қолданушыға басқа біреудің компьютерінің файлдық жүйесінде бағдарлау өте қиын. Керекті файлдар мен құжаттарды іздеуді жеңілдету үшін файлдарды іздеу терезесін қолданады.
Анықтама жүйесімен жұмыс
Бақылау тапсырмалары
1. Программаларды іске қосу
2. Файлдарды іздеу
3. Жарлықтарды құру, жарлық белгішесін өзгерту
4. Дискеттерді форматтау
5. Басқару тақтасы
Бақылау сұрақтары
1. Құжатты қоржынға апармай жою үшін қандай пернелерді басу керек?
2. Файлдың аты мен кеңейтуі арасында қандай белгі қою керек? Оны қоймауға бола ма?
3. Үстіне (Вверх) және Кері (Назад) пернелер айырмашылығы қандай?
Әдебиеттер
1. Информатикадан 30 сабақ. Жаңа ақпараттық технологиялар./Балапанов Ж.С., Алматы
2. Практическая информатика/ Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. – М.:Аст-Пресс; Инфорком-Пресс, 2000г.
3. Специальная информатика/ Симонович С., Евсеев Г.– М.:Аст-Пресс; Инфорком-Пресс, 2000г.
4. Вычислительные технологии/ ред. Ю.Н. Шокин- ин-т Вычислительных технологий Сибирского отделения Рос. академии наук - 2000,2003г.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 95.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |