Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. 4-сынып

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сыныпты ұйымдастырып алғаннан кейін, сабақта топтық, жұптық жұмыстар болатынын айтып, сыныпты  «Амандасу түрлері» әдісі арқылы екі топқа бөліп алдым. Үй тапсырмасы «стикердегі сауал» әдісі арқылы тексерілді. Екі топқа жай сөйлемдер жазылған парақшалар беріліп, құрмалас сөйлемге айналдыру тапсырылды. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, олардың қандай іс-әркет жасалғаны анықталды. Оқушылар өз іс-әректтерінен жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын және табыс критерийлірін анықтады. 1-жаттығуда өлеңді жатап. Топта бір-біріне жатқа айтты.Топта өзара бірін-бірі бағалады. Бағалау кезінде көтермелеп бағалау болды. 2- жаттығуды орындау барысында оқушылар сурет бйынша «Аспазшы», «Дүкенші» тақырыбына әңгіме құрастырды. Оқушылардың жұмыстарын ынталандыру сөздерін мадақтап отырдым. Оқушылардың шаршағанын байқап, «Жер сілкінісі» ойынын ойнаттым. Оқушылар сергіп алғаннан кейін, келесі тапсырмада жұмбақты жатқа жазу тапсырылды. Жазып болғаннан кейін сағат тілімен бағыттас дәптерлерінен көршілерімен алмастырып, бір-бірінің қателіктерін тексеріп шықты. 5- жаттығуды топта  құрмалас сөйлемнің екінші бөлігін анықтап алды. Содан кейін дәптерлеріне жазды.Орындаған тапсырмаларын оқып шықты, қалған оқушылар тексеріп отырды. Оқушыларға зерттеушілік тапсырма берілді. «Жалғасытыр» деп аталатын бұл ойында  бір оқушы бірінші жай сөйлемді жазып, қағазды бүктеді, ал екінші оқушы екінші жай сөйлем жазып, сөйлемді аяқтады. Шыққан сөйлемнен оқушылар өз қорытындыларын шығарып, сабақ бойынша ереже құрастырды. Жаңа сабақты қорытындылау үшін «крестиктер мен ноликтер» әдісін қолдандым. Оқушылар ойында жеңіске жету үшін сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Оқушылармен «сабақтағы жұмысыңды бағала» парағы арқылы кері байланыс жасалды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 55 Kb
Количество скачиваний: 54
Просмотров: 268

Похожие материалы