Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кенжетаева Гулсара Гадилбековна
|
Сабақты ұйымдастырып алғаннан кейін , жалаң және жайылма сөйлемдерді беру арқылы сыныпты топқа бөліп алдым.Топқа бөлінген кезде А және С деңгейінде бақылауға алынған оқушылар бір топта болды. Үй тапсырмасын тексеру үшін «конверттегі сауал» әдісі арқылы екі топқа сұрақтар беріліп, топта талданды. Топта сұрақтарды бөліп алып, жауап берді. Екі топ бір- бірін өзара бағалады. Топқа бөлінген кездегі қолдарын берілген парақшалардағы сөйлемдерге назар аударылды. Сөйлемдердің құрамына назар аударылып, сабақтың тақырыбы «жай сөйлем мен құрмалас сөйлем» екені анықталды. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері құрылды. Сабақты оқулықтағы жаттығуды талдаумен бастадым. Екі топ екі бағандағы сөйлемдерді оқып, айырмашылығына назар аударды. Олардың жай және құрмалас сөйлем екенін анықтап, сөйлем құрамына қарай екіге бөлінетінін біліп, ережесін құрды. Оқушыларға үнемі кері бағыттау сұрақтарын беру арқылы ойларын тиянақтап отырдым. Жаңа сабақ бойынша түсінік алынғаннан кейін екі топқа «Сөйлем» тақырыбына постер дайындауға берілді. Постер дайындау кезінде С деңгейіндегі оқушы негізгі мәліметтерді өзі жазып, А деңгейіндегі оқушы безендіру жұмыстарымен шұғылданды. Екінші топтағы В деңгейіндегі оқушы постер дайындау кезінде белсенділік танытқанымен, қорғау кезінде сенімсіздік танытып топтағы А деңгейіндегі оқушыны шығарды. Екі топ постерлерін қорғап болғаннан кейін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалады. Жаңа сабақ бойынша ережені есте сақтау мақсатында постерді қорытындылап, ережені топқа және жеке оқушыға қайталап айтқызылды. 2-жаттығуды орындау кезінде 1-топ жұмбақтың алғашқы жолын оқыса, 2-топ екінші жолын сәйкестендіру арқылы тауып, жауабын шешті. 3-жаттығу жұпта орындалды. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, жұпта мағынасын ашып, неше жай сөйлемнен құралғанын анықтады. «Кір жуғыш машина» ойынымен оқушыларды сергітіп алдым. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында жұптарға жай, құрмалас сөйлемдерге мысал келтіру тапсырылды. Оқушылардың жаңа сабақты түсінгендіктері байқалды, Сабақты қорытындылау үшін «Серпілген сауал» әдісі қолдандым. Үйге тапсырма берілгеннен кейін, кері байланыс парағы берілді. Оқушылар «бағалау ағашы» арқылы өздерінің қай деңгейде сабақты түсінгендерін белгіледі. Сабақ жоспарым бойынша өтті. Оқушылар топтық, жұптық ережелерді сақтап, жақсы жұмыстанды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 59 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |