“Желтоқсанда – мұзда жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын!”

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы мәңгі ұмытылмайды ? Қайыпхан Иманбаев

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Желтоқсан көтерілісі кезінде Алматыдағы поршень зауытынан 3 адам сотталған. Оны бүгін Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне тағзым етуге келген желтоқсандық ардагер Қайыпхан Иманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Желтоқсандықтардың қаны төгілген қасиетті алаңға мен жылда келем. Бұл дәстүрден денім сау болса көз жұмғанға дейін айнымақ емеспін. Өйткені желтоқсан қасіретінің жарасы ешқашан жазылмайды. Бізді алаңға жеткізбей зауыттың алдынан ұстап кетті. Сотталғандардың екеуі әйел, біреуі ер адам болды. Мен өзім Жауғаштыдағы түрмеде 3 жыл отырдым», дейді пайғамбар жасына жақындаған Қайыпқан Иманбаев. Оның айтуынша, 1986 жылғы желтоқсан қасіреті ешқашан ұмытылмайды. Бұл туралы әрбір ата-ана өз отбасында балаларының құлағына сіңіріп өсіретіні күмәнсіз. Желтоқсандық ардагер өз кіндігінен бала болмаса да оны жолдас-жораларының ұл-қызына айтудан ешқашан жалыққан емес.

Бүгін жастармен кездесіп, біраз әңгімелестік. Жастардың бір біріне жолдап таратқан хаты маған келіп түсті. Маған жастар келесі сұрақты қойды: «Біздің мемлекет бастықтары не істеп жүр? Осындай мемлекетте қалайша өмір сұруге болады? Біз алаңға шығамыз!»

Олардың айтқан сөздерінің түбін мен түсініп, қобалжыдым. Олардың сөздерінің шын екені мәселелердің шын екені болып, жастар оны өздері түзейін деп кіріскенде емес. Бұл қауыптың шындығы біріншіден жастардың жас болғандығында, олар бүгін шыққан батырларды шын жүректен қолдайды, және де топтық сезім оларды солай істеуге мәжбүрлейді. 

Жастарды алаңдатқан мәселелелер ол Қытайға қазақ жерлерін беретін қауыпы мен, жастардың сөзінен миллион уйғырларға қазақ азаматтығын берде деген сыбыс болды. 

Мен көп сөйледім, соңында білімдінің білгенін ескерсін деп Қытай танушы Константин Сыроежкинмен екі жыл бұрын болған сұхбатын осында іліп қойдым.

Қосымша, осы жерде жастарға айтқан сөзімді талдауымен жарияласам дедім.

1986 жылғы желтоқсан оқиғалары үлкендердің әсерімен басталды. Мүмкін олар жастарға еш нәрсе істемейді деп ойлаған шығар. Осы жәйді қолданып бүгінгі күн төбесінен кей біреулер сол күндердегі жастардың ерліктерін жоққа шығарғысы келеді. Ондай адамдарға неге кейін, ертең, екі күннен соң жастар алаңға шыға берді деген сұраққа назар аударса деймін. Жағдай саясаткерледің басқаруынан шығып кетті, ал жастарды бойларындағы ерлік сезім жаулап, бүгін олар бәріне жауаптылықты мойындарына алуы міндетті де ала алады деген сезім биледі. 

Бүгін де біздің жастардың ойларын олардың елінің тағдырын күрт өзгерте алатын сенім бойлайды. Жас отаншылардың бос сөздері олардың ызасын тұғызады. Көбі өздерінің бүгінгі карьераға деген, болашаққа деген сенімсіз жайына бойұсынғысы келмейді. Көбі әке-шешесінің жинаған тергеніне сенеді. Бірақ жастардың амбициялары кеше де, бүгін де өздерінің бойындағы ерлігін жаратқысы келеді..

Желтоқсан оқиғаларынан кейін ата аналардың балаларын ұйде ұстап, алаңға жібермей қоялмаған ұайымы есімде. Жастарды алаңға магнит күші тартқандай тартып, еш бір қауып оларға бөгет болмады. Кәзір мен түсінемін, бұл бірінші жақтан жас болудың әсері. Екінші бұл батырлар жырында негізделген қазақша тәрбиенің ерекшелігі. «30-да қала алмасаң, 40-та қамал алалмайсың.» деген мақалды әр қазақ біледі. 30 жасқа дейін қала алатындай көлемде ерлік істесең ғана, 40-та қамал ала алалсың деген мағынаны білдіреді. 

Бүгінгі күн ерліктері дипломатиялық түрде орын алуы мүмкін деп, мен жастарға түсіндіре бастадым. Мысалы, СУАР. Өзімізге, кімге СУАРдағы қақтығыстар пайдалы, деген сұрақ қойып, жауап іздеп көрейікші, дедім. Ұйғырларға ма? Ұйғырлар сол қақтығыс нәтижесінде не пайда тапты? Өлім жазасың, қасырет, болашақта СУАРда ханьшылардың аса көбейгенінен өзінің мемлекеттерін жоғалтып алатын қауып. СУАР-да болған жағдайдан ұтқандар бар ма? Иа, саясат құғыны деген атаққа ие болып, қосымша халықаралық ұйым гранттар санын өсіретін саясаткерлер. Сол үшін өзінің еліне, жеріне соншама қатер тұғызу керек пе еді? Неге сол мәселелерді дипломатия тұрғысынан, Қытай мемлекеті арқылы СУАР мүддесін қорғап, шешпеске? Мемлекетпен келісіп СУАР-дың гұлденуіне ықпал жасауға болады ғой. Ол үшін ұйғырлар Қытайдағы ақылды ұйғыр саясаткер төңірегінде шоғырлануы тиіс. 

86-жылғы желтоқсан оқиғалар себебінен орын алған өлім, бұзылған тағдырлар тек қана СССР мойнында емес, оған сол кездегі Қазақ Республика басшылары, бүгінгі менім жасымдағы сол балалардың, ата –аналары жауапты. Бүгін, сол 86-шы желтоқсан оқиғалары біздің балаларымыздың басына түспеуіне мен жауаптымын. Бүгінгі күн мәселелерді мен білемін, бірақ оларды жастар емес, мен, біз, менің құрдастарым шешуге міндетті. Қажет болса алаңға біз шығуымыз керек. Болашақ ұрпақ алдында адал болу үшін біз бар мүмкіндікті пайдаланып, жазып, айқайлап айтып, бар мәселені біз шешуіміз керек.

Соңында айтқым келетіні, біздің көздеріміз соқыр емес, жоғарыдан көргенді біз де көреміз. Біздің саясаткерлердің копромистік істері бізге түсініксіз. Бүгін мемлекет басшылары елдің тамырын ұстап, олардың көңіл жайын біліп тұрғаны абзал. Жастарды алаңдататын мәселелер түбінен жойылуы тиіс. Ол үшін біз Президенттен және премьер-министр Карим Масимовтан осы мәселелерге қатысты анық жауап алуымыз қажет. Ұйғыр мәселесі жасанды мәселе дегенді түсінеміз, бірақ, сол мәселені жасауға жол беріп, себеп болған адамдар тағынан кету керек екені айдан анық. 

http://www.elraуi.kz сайт авторларын және Қазақстан азаматтарын мейрамдармен құтықтаймыз! 1986 жылының желтоқсан батырларына тағзым етіп, олардың ерліктерін мәңгі бағалап өтеміз деймін! Сол жылғы оқиғалар еш қашан қайталанбасын! Билік ел алдында адал, ел ертеңіне сенімді болсын! 
 Биыл 23 жыл толып отырған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы Қазақстанда әлі күнге толыққанды көркем әдеби шығарма жоқ. Ал, қазақ театрлары сахнасында Желтоқсан оқиғасын өзек еткен қойылымдар саусақпен санарлық.

ЖАЗУШЫЛАР КУӘГЕРЛЕРГЕ СІЛТЕЙДІ

Желтоқсан оқиғасы туралы жекелеген өлең-жырлар аз емес, деректі кітаптар
да бар. Тіпті, кішігірім прозалық жанрдағы әңгімелерде бар. Бірақ,
Желтоқсан оқиғасының санқырлы сырын ашып толыққанды суреттеген,
көпшіліктің талғамынан шығатындай көркем шығарма әлі жоқ.

Қазақстанда
1931-1933 жылғы болған жаппай ашаршылық туралы «Ақ боз үй»
трилогиясын жазған жазушы Смағұл Елубай Желтоқсан оқиғасын көркем
шығарма етіп, сол оқиғаға қатысқандардың өздері ғана жаза алады деп
отыр.

– Сол тұста алаңда болған, бәрін көзбен көрген
азаматтар жазуы керек. Көзбен көріп, қолмен ұстамаған жазушыға оны жазу
қиын болады.
Сондықтан, желтоқсанға қатысқан азаматтар деректі повесть, деректі
роман болса да, жазуы қажет. Өкінішке қарай, желтоқсан туралы ондай
шығарманың жазылғанын көрмедім. Кім біледі, мүмкін жазылатын шығар,
– деді Смағұл Елубай.


Смағұл Елубай, қазақ жазушысы.


Алайда, жазушының бұл пікірмен келіспейтіндер де бар.

Ол
оқиғаны көзімен көріп, қатысқандардың бәрі бірдей қаламгер емес дейді
Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін кезінде жазаланған ақын Аманғазы
Кәріпжан.

Ол өзі 1995 жылы мың дана таралыммен «Жаралы
желтоқсан» деген атаумен жыр жинағын шығарған. Қазір Желтоқсан
оқиғасын толық баяндайтын «Әулет пен нәубет» деген көлемді
шығармасы дайын тұрған көрінеді.

Алайда, оны жарыққа шығаруға қаражаттың жоқтығы қолбайлау болып отыр дейді Аманғазы Кәріпжан.


Желтоқсан оқиғасы мен оған қатысушыларға саяси-құқықтық мәртебе
берілмей, желтоқсан ақиқатын билік мойындамай өнер мен әдебиетте
толыққанды көркем шығарма өмірге келмейді.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.67 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 238

Похожие материалы