"Жер сілкіну кезіндегі сақтық шаралары"

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс.Олар кез-келген жерде пайда болуы мүмкін.Жер сікінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде   болады.Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер үсті дүмпуін байқайды.

Жер сілкінісі жер қыртысында аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады.

  Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басауы болған ошақтың негізгі нүктесі.

  Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады.

Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф қүралы арқылы ғана байқауға болады.

Алматы қаласы мен Алматы облысындажыл сайын сейсмографтар 400 жер

немесе жер мантиясындаболады.

Жер сілкінісінің төрт түрі бар.

Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады.

Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.

Жер сілкінісіне жалпы мінездеме.

Орталық нүкте - жердің астында жерсілкінісі басталған (болған) орын.

Кіндік орталық - бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.

 

Ошақтың тереңдігі - орталық нүкте мен кіндік орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 километрге дейін болады.Жарықтың айырылған бөлігінің көлемі (ұзындығы) – сезілмейтін жер сілкіністерінде бірнеше метр және ірі жер сілкіністерінде бірнеше км-ге дейін жетеді. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөліктерінде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетіне де жетуі мүмкін.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 185.56 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 209

Похожие материалы