"Жұмбақтар" қазақ әдебиеті ашық сабақ 6 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

6 сынып қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақ мақсаттары:

-         жұмбақ туралы әңгімелеу арқылы қазақша ойлау, сөйлеу, сауатты жазу  дағдыларын дамыту және нығайту;

-         сөз қорын байыту және онымен тиімді пайдалануға  үйрету;

-         өткен тақырыптарды қайталау арқылы қазақша сауатты жазу дағдыларын нығайту;

-         қазақ тілі мен әдебиетке қызығушылықтарын арттыру;

-         халық ауыз әдебиетін  білуге, жақсы көруге тәрбиелеу;

-         логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Қолданылған технологиялар: сын тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап әдісі, мәтінмен жүмыс жасау әдісі, мадақтау-жазалау әдісі, тіл дамыту әдісі, қайталау әдісі, репродуктивтік әдістері;

Сабақ мазмұны:

1.     ұйымдастыру кезеңі;

2.     сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау;

3.     өткен тақырыптарға шолу жасау, қайталау;

-         әдебиет қай тілден енген?

-         әдебиет нені білдіреді?

-         әдебиет қандай мұра?

-         әдебиет не болып саналады?

-         Қөркем сөзді қазақ халқы қалай бағалады?

-         Халық ауыз әдебиеті қалай қалыптасты?

-         Ауыз әдебиетінің түрлері қалай тараған?

-         Ертегілер деген не?

-         Ертегілердің түрлері қандай?

-         Ертегілер қалай басталады?

-         Ертегілер қалай аяқталады?

-         Ертегілердің тілі қандай?

-         Мақал – мәтелдер – ненің түрі?

-         Олар қалай тараған?

-         Мақалдың көлемі қандай?

-         Мақалдың мағынасы қандай?

-         Қазақ халқы мақал – мәтел туралы не деген?

-         Мақал – мәтелдер сөздерді не істейді?

-         Мақал – мәтелдердің тақараптарын ата?

4.     жаңа тақырып «жұмбақтар» туралы әңгіме құру; кітаппен жұмыс жасау: оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.

- Жұмбақ деген не?

- Онда кім және не жайлы айтылады?

- жұмбақта адам өмірі мен тіршілігі, табиғат құбылыстары қалай айтылады?

- жұмбақтар нені дамытады?

- жұмбақтар неге үйретеді?

- жұмбақты дұрыс шешу үшін нені білу керек?

-жұмбақ нені талап етеді?

- жұмбақ адамды неге үйретеді?

5.     Жұмбақ шешу (оқулықтан, хрестоматиядан, қосымша)

Жұмбақтарды шеш:

Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр.

 

Сымға асылып,

Жүр асығып.

 

Жолы – темір, жаны – темір.

Темір атты зымыраттым.

 

Үш  көзі бар қаз – қатар,

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен байқасаң

Үш түсті нұр шашады.

 

Ақ шатырлы бір қала,

Суда жүзіп жүр дара.

 

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет.

 

 

 

6.     үй жұмысы: жұмбақтар туралы мазмұнын айту, өзіндік жұмбақ құру;

7.     қортынды, бағалау, рефлексия;

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.3 Kb
Количество скачиваний: 155
Просмотров: 448

Похожие материалы