Жоба дайындауға дейінгі жұмыс жоспары.

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
  Сыныбы: 5ә Сабақ тақырыбы:  Жоба дайындауға дейінгі жұмыс жоспары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұмыт болған халкымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бүйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу. Дамытушылық: Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік: Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашьлық жұмыс жүргізе білуге, ісксрлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, теориялық білім және сарамандық жұмыс Сабақтың түрі : жаңа сабақ Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих Көрнекіліктер:слайд, әртүрлі дайын бұйымдар мен жобалар, нұсқау карталары, кестелі және бұйымдары Қажетті құрал – жабдықтар: қайшы, ине,түрлі – түсті кесте жіптері, кергіш, мата және эскиздері   Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесу; • Оқушыларды түгендеу; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.   ІІ. Өткен сабақты қайталау   ІІІ. Жаңа сабақ   (оқушыларға күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазғызу) бүгінгі тақырыбымыз «Жоба дайындауға дейінгі жұмыс жоспары» Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы Барлығымыз жобаға кесте тігу өнерін таңдаған екенбіз, онда кесте жайлы айтып өтейін Кесте – қазақ халқының сәндік қол өнерінің бір түрі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады. Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады. Мысалы: жөрмеу, көктеу, саба тігіс, бүгіс, қабу, қабырға тігіс, тышқан із, кереге тәріздес тігіс, қиғаш тігіс және т.б. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. «Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.       Шығармашылық жобаны орындау жүйесі  /. ұйымдастыру, дайындык, кезеңі.  - Үлгі тандау. Жасалатын бүйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;  - Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;  - Жұмыс орнын ұйымдастыру.   1. Техникалык кезең. - Техникалық жұмыстарды орындау; - Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау   2.Қорытындылау кезеңі жүйелеу. - Дайын бұйымды бағалау; - Шикізат шығынын есептеу; - Шығармашьшық жобаны қорғау.   3.Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.  - Өзіндік қызығушылығы;  - Әлеуметгік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,  - Өз мүмкіндігін ескеру;  - Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.   4.Жобаны жарнамалау.  - Өнім белгісі;  - Өндірістің аты;  - Бұйымның аты, қолдану;  - Жарнамалау.       5.Шыгармашылык. жобаны қорғау  Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қортындылайды (Мына жерде көрсетілген жобаларды қарап шығуларыңызға болады.)     IV.Сарамандық жұмыс Қауіпсіздік ережелерін қайталап шығайық:   Қайшымен жұмыс:  а) қайшыны арнаулы қобдишада сактау керек,  ә) қайшыны біреуге үшкір үшымен берме,  б) қайшының жүзін ашық қалдырма.  в) қайшымсн жүмыс жасап жатқан адамның көңілін бөлме,  г) кайшьшың үшын жоғары көтерме.   Инемен жұмыс:  а) инені киімге қыстыруға болмайды,  ә) иненің жібін тіспен үзбе.  б) инені ауызға салуға болмайды,  в) инемен жұмыс жасағанда оймақ ки,  г) инені арнаулы қобдишаға сал немесе жастықшаға түйреп қой. (әр оқушы өзінің жұмыстарын бастайды, жұмыс кезінде оқушыларға көмек көрсету, қателіктерін түзету)   V.Сабақты қорытындылау 1. Жасаған жұмыстарын тексеру, қателіктерін айту, талдау, түзету 2. Жасап жатқан жобаларына қатысты сұрақтар қою: Жобаны қалай ұйымдастыруға кезеңін атап шық Жоба жасауда қойылатын талаптар? Жобаны қалай жарнамалайсың? Айқас тігіс қалай орындалады? Кестелі бұйымдарды ата Кестенің қандай түрлерін білесің?   VI.Бағалау Оқушылардың жұмыстарына және берген жауаптарына қарай бағалау   VІI.Үйге тапсырма Жұмысымызды үйде жалғатыру                      
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 45.73 Kb
Количество скачиваний: 108
Просмотров: 354

Похожие материалы