Жөргектік кезеңдегі дене дамуы және күтімі

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Бір жасар баланың дене тәрбиесі. Бұл жастағы балаларды тәрбиелеу кезінде күн тәртібін ұйымдастыруға, дұрыс гигиеналық күтім әдістемесіне көп көңіл аударылуы тиіс. Бұрын аталып көрсетілгендей, баланың бір жасар шағында дамудың жоғары қарқындылығы, қысқа мерзім ішінде дене дамуының және жүйкелік-психологиялық дамудың тез өзгеріп отыруы байқалады. Орталық жүйке жүйесінің сыртқы ортамен үнемі өзара әрекеттестік кезінде дамуы барлық сезім мүшелерінің дамуына, жағымды эмоциялардың тууына және жетілуіне, негізгі қозғалыстарды меңгеруге, тіл әзірлігі кезеңдерінің дамуына көмектеседі. Мұның өзінде ересек адам үлкен роль атқарады. Бір жасар баланы тәрбиелеу кезінде оның жағымды эмоциялық жағдайда болуын қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Жайдары, шаттықты көңіл күйі тәндік және жүйкелік-пси­хологиялық дамудың дұрыс және өз уақытында өтуінің, денсаулықтың жақсы болуы шарттарының бірі болып табылады. Бала өмірінің алғашқы айларында шаттанып күледі, көптеген қимыл-қозғалыс жасайды-талпынудың неше түрін көрсетеді, бұл қол, кеуде т.б. қозғалыстарының одан әрі дамуының негізі болып табылады. Балалардың негізгі қозғалыстарды өз уақытында және дұрыс меңгеруі бойдың өсуіне, негізгі мүшелер мен жүйелер әрекетіне игі ықпалын тигізеді, өзін-өзі айтарлықтай меңгеруді қамтамасыз етеді де, сол арқылы психикалық даму мүмкіндігін кеңейтеді. Қозғалыстардың даму қарқыны мен бір ізділігі тәрбие жағдайына және ересек адамның ықпалына, сондай-ақ баланың жеке  ерекшеліктеріне тәуелді. Орталық жүйке  жүйесіндегі және тірек-қозғалыс аппаратындағы жас мөлшеріне қатысты өзгерістер әрбір жас кезеңінде белгілі бір қозғалыстардың дамуы үшін алғы шарттарды тудырады. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 105.5 Kb
Количество скачиваний: 90
Просмотров: 432

Похожие материалы