Жүсіпбек Аймауытов "Әнші" әңгімесі 7 сынып

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні:Пәні: қазақ әдебиетіСыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы

«Әнші»

Сабақтың мақсаты:

а)Ж.Аймауытовтың өмірбаяныншығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенінтаныту;

ә)өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі:жаңа білім-білік ,дағды қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,сатылай талдау т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,портретіт.б

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманысұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Түсіндіру жоспары

  1. Ж.Аймауытұлыөмірі,шығармашылық мұрасына қысқаша шолу.
  2. «Әнші»әңгімесі3. Әншімен алғаш таныстық4. Ән құдіреті

5. Наурыздағы сауық той6. Аруақты әнші7. Әмірханның үйінде

8. Әншінің жүдеу тұрмысы9. Ән салу-үлкен өнер10. Әнші де жылайды екен.

Шығарманы сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыптыпысықтап бекіту.«Әнші» әңгімесі

1. Авторы:Ж.Аймауытұлы

2. Тақырыбы:әншілік өнер.

3. Әдеби жанры: проза(әңгіме)

4. Шығарманың негізгі идеясы: өнерді жоғары бағалауға,әншілік шеберлікті тереңұғынып қадірлей білуге,өнердің қоғамдықүндеу.

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1.Ж.Аймауытов жайлы не білесіңдер?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп семей қаласында қандай журнал шығарды?

Оқулықпен жұмыс. Әңгімені оқу.

Білімді бекіту:Шығармадағы әрбір оқиға,штрих-детальді жазушы өзінің эстетикалық мұрат-мақсаттарын бейнелеу үшін ұтымды ала алғандығын байқата отырып,шәкірттерге жазушының суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 907.5 Kb
Количество скачиваний: 85
Просмотров: 297

Похожие материалы