Жүсіпбек Аймауытов туралы мәлімет
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Serikbaeva Indira Amankeldievna
|
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылардың қолдарына сурет қиындыларын тарату. Сол қиындылардан тұтас сурет құрастыру арқылы топқа бірігу. /2 мин/
Блум таксономиясына сәйкес құрылымдалған сабақ жоспары «Жамбыл Жабаев» Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев нақыл сөздері, өлеңдері.
1. Кіріспе кезеңі (Сәлемдесу, әнұран орындау, жағымды жағдай қалыптастыру) “Шаттық шеңбері”
Блум токсономиясына сәйкес тапсырмалар деңгейі: “Білу” теориясы Бейне таспадан фильм үзіндісін көру.
Жобалау әдісі бойынша 3 топ оқушыларының қорғау жұмысы.
“Түсіну” теориясы .Тірек сызбамен жұмыс. /постер/оқушылар критериилер жасайды, бағалайды. Жақсы критерилер ұсынылады.
“Қолдану” теориясы а) Ұлы Отан соғысы батырлары ә “Талдау ” теориясы Қазақ, орыс тілінде салыстырады. “Ленинградтық өренім” өлеңі.
“Жинақтау ” теориясы. Отан, батырлық туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу
“Бағалау ” теориясы. Тест жұмысы. Сөзжұмбақты шешеу 2. Қорытындылау. Бағалау. 3. Үйге тапсырма беру.
Сабақ жоспары Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев нақыл сөздері, өлеңдері.
Мақсаты
Ø Жамбыл Жабаев тың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, шығармалары бойынша қалыптасқан білім , білік дағдыны арттыру.
Ø Жамбыл Жабаев нақыл сөздерінің мәні мен мағынасын түсінуге жетелеу, адамгершілік асыл қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал ету.
Ø Оқушылардың тілін, ойлау дағдысын жетілдіруге, қорытынды жасай білуге үйрету, дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
Ø Сыныпта жағымды хал-ахуал қалыптасады.
Ø Сөйлеу тілі дамиды,
Ø Жамбыл Жабаев өлеңдері, нақыл сөздері туралы білім алады.
Кіріктірілген модульдер сын тұрғысынан ойлау, оқыту үшін бағалау, дарындылар мен жұмыс, жас ерекшеліктері, АКТ,
Уақыты
Мұғалімнің, оқушының іс-әрекеттері
Бағалау
Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер
1.Сергіту. «Шаттық шеңбері»
Топқа бөлу «Әріптер қиындысы» Әдісі бойынша Оқушылар әріп қиындысын алып топтарға бөлінеді Әріптер қиындысы. 2мин
“Білу” теориясы 2 мин
5 мин Бейне таспадан фильм үзіндісін көру.
Жобалау әдісі бойынша 3 топ оқушыларының қорғау жұмысы.
Сөздікпен жұмыс
э Жеке жұмыстар/топтық іріктеу
“Түсіну” теориясы 4 мин
Тірек сызбамен жұмыс. Постер жасау . Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, анасы Ұлданнан ақындық талантты бойына сіңірген, Сүйінбай аронұлы сияқты ұлы жыраудан тәлім – тәрбие алған. Жамбыл- әрі жырау /искусно исполняет/, әрі жыршы /сочиняет/, әрі ақын. Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын суреттеді. 13 жасынан өлең шығара бастады, 17-18 жасынан ақындық айтысқа түсіп ән-жыр шығарып, домбырамен күй тартып, қобыз шалған.ұлы Отан соғысы жылдары Жамбыл өлеңдері жауынгерлердің рухын көтерді, ерлікке шақырды. Отан қорғауға арналған өлеңдері 3000 жолдан асты. Оның үздік шығармалары 40- тан астам шет тілдеріне аударылды.
Жақсы критериилер ұсынылады. өзара бағалау Критерилерді келісе отырып құрастырады. бағалайды. Флипчарттар, фломастерлер.
“Қолдану” териясы 3 мин “Ленинградтық өренім” өлеңін, нақыл сөздерді оқиды.
“Талдау ” теориясы 4 мин Қазақ, орыс тілінде салыстырады. “Ленинградтық өренім” өлеңі. Оқушылар критери бойынша
1. Жамбыл Жабаев нақыл сөздерін түсініп оқу: Жұмыста да соғыстада Ақылыңды ашу қыспасын. Ашушаң болсаң сол қолың Оң қолыңды ұстасын. бағалайды.
• • • • •
Slide 1
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ
Slide 2
Сабақтың мақсаты Жамбыл шығармашылығын терең зерттеп оқу. Жамбыл менің шын атым, Халқым менің шын атым!-деп жырлап өткен ұлы жырау шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып талдауға үйрету. Өткен ғасырға үңілдіру. Оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту. Көркем дүниеге құрметпен қарау арқылы дамытуға ойландыру. Жамбыл шығармашылығы арқылы оқушыларды атамекенді сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.
Slide 3
Ленинградтық өренім.
Slide 4
Ленинградтық өренім! Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді Бұлағымдай көремін. Көпіріне қарасам, Көмкерген су көлемін, Өркеш-өркеш жарасқан Шоқылардай дер едім. Сапырылған көк теңіз Шомылдырып кемерін! Шамы күндей жайнаған, Аспанға үйлер бойлаған. Арқа тұтып алыста, Айбыным деп ойлағам! Жасағам жоқ өмірді Жау соққанын көргелі Төккенім жоқ терімді, Шер қылғалы кеудені. Жасалған жоқ салтанат Жаудың болуға ермегі, Жауда қалып Ленинград, Жаралғам жоқ көнгелі!- Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі; Саудыратып сүйегін, Топыраққа көмгелі. Судай тасып ел кегі. Жолды кернеп қол кетті Сендерге дем бергелі, Нева алабын қорғаңдар, Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар, Заманымның өрнегі
Slide 5
Өлеңнің жасау тарихы 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. Глоссарий: қоршау – блокада, осада; Зұлмат –трагедия, бедствие; Арнады – посвятил.
Slide 6
Топтарда жұмыс істеу: I топ II топ III топ
Slide 7
1 топтың сұрақтары Өлеңнің авторы. Өлеңнің тақырыбы. Жанр түрі.
Slide 8
2 топтың сұрақтары Өлеңнің негізгі идеясы. Өлеңде неше шумақ бар? Өлеңде неше тармақ бар?
Slide 9
3 топтың сұрақтары 1.Өлеңдегі бунақ саны қанша? 2. Өлеңде эпитеттерді табыңдар. 3. Теңеудің мысалын келтіріңдер.
Slide 10
“Ленинградтық өренім” өлеңнің сатылай кешенді талдау сызбасы: Авторы – Жамбыл Жабаев. Тақырып – халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік. Жанр түрі – поэзия (өлең). Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау. 2 шумақ. 33 тармақ. 1 бунақ. Әдеби теориялық ұғымдар:эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі. Теңеу – бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай. Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
Slide 11
Сөздік жұмысы Өрен – жасөспірім ұрпақ, жеткіншек. Көмкерген – жиектеген. Айбын – қаһарлы, сұсты, зәрлі. жау – дұшпан, шапқыншы. Шер – қайғы-қасірет, уайым.
Slide 13
Хронологиялық кесте
Slide 14
Оқулықтан 1 шумақты мәнерлеп оқу.
Slide 15
Сұрақ-жауап Жамбыл қай жылы туған? Өлең қай кезде жазылған? Қандай Жамбылдың өлеңдерін білесіңдер? Жамбыл Жабаевтың өлеңдері қазақ поэзиясының дамуына қандай үлес қосқан? Сабақта қандай жаңа сөздерді білдіңдер? Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жамбыл туралы не деді?
Slide 16
Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін?
Slide 17
Жамбыл Жабаев – 100 жасаған ақын
Slide 25
Ж а м б ы л т е а т р ы
Slide 26
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз» Н.Ә.Назарбае
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Суреткер жазушы Ж. Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан – жақты білім беру үшін, жазушының азаматтық биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін танып – білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ауыз – екі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу. Адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Жазушы өмірін үлгі ету. Әдебиетті сүюге баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрсіз, пікір қорғау (зерттеу сабағы).
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, әңгіме – лекция, оқушы хабарламасы, түсіндірмелі әдіс, өз бетінше зерттеу.
Сабақтың таным белгілерін арттыру: Жеке және топтық форма (ФОПД)
Сабақтың көрнекіліктері: Жазушы өмірі туралы буклет, ғалымдардың естеліктері, сын зерттеу мақалалары. Жазушының шығармалары кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың құралдарының бар - жоғын қадағалау.
ә) Кезекші арқылы сыныпты түгендеу.
б) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
в) Бүгінгі күнді тақтаға жазу.
Үй тапсырмасын тексеру
Балалар үйге С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына байланысты реферат, газет беттерінен мақалалар тауып келуге берген болатынмын. Қане кім дайын? Балалардың рефераттарынан кішкене мазмұнын сұраймын.
Жаңа сабақ:
- Балалар біз жаңа сабақты бастамас бұрын маған мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Ж Жүсіпбек Аймауытов туралы не білесіңдер?
2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақ әдебиеті алыптарының бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Оның қазақ әдебиетінің жанр жағынан дамытудағы еңбегі орасан зор. Ол – ақын, прозашы, публицист, сыншы, театр режисеры, аудармашы педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазуға қатысқан.
Осындай әдебиетіміздің, театрдың, ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді.
Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Ж. Аймауытовтың өмірі мен еңбектері және мақалалары жарық көре бастады.
1. Ғылыми – педагогикалық мұрасы
Ғылыми - педагогикалық мұрасы
↓
Тәрбие жетекші
Психология
Жан жүйесі және өнер таңдау
Комплексті оқыту жолдары
2. Поэзиялық туындылары
↓
Сарыарқаның сәлемі
Ах - ха - хау
Көшу
Тұңғиық түпсіз астында
Ұршығым
Жәмила
Әскер марсельезасы
Нұр күйі поэмасы
3. Драмалық жанры
↓
Ескі тәртіппен бала оқыту
Рабиға
Мансапқорлар
Сылаң қыз
Шернияз
Қанапия мен Шәрбану
Ел қорғаны
4. Прозалық жанрлары
1. Романдары: «Қартқожа»1626;«Ақбілек» 1927 - 1928
4. Хикаяттары: « Күнекейдің жазығы» 1928
5. Сын мақалалары: Абайдан соңғы ақындар 1918; Мағжанның ақындығы 1923; Аударма туралы; Сұңқар жыры
6. Әңгімелері: «Бетім – ау, құдай ғой»; Елес 1924; Өмір деген осы ма?; Мысыққа ойын, тышқанға өлім 1923; Әнші 1925; Боранды болжағыш әулие; Көшпелі Көжебай 1925.
Сабақты қорыту:
- Міне балалар, өздерің жазушы туралы естеліктер мен пікірлерден мысалдар келтіре отырып, оның адамгершілік қасиеттерін, еңбектерін, туған жерге деген сүйіспеншілігін танып білдіңдер. Ендеше, Жүсіпбек әлемі телегей теңіздей екен. Оның нағыз сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі екенін білдіңдер. Оның мол мұрасы – келер ұрпақ үшін мол қазына, асыл мұра. Оның өмірі ұрпаққа өнеге. Енді мына сызба схеманы толтырайық:
Жүсіпбек Аймауытов кім?
↓
Ақын
Жазушы
Драматург
Публицист
Аудармашы
Домбырашы
Ұстаз - ағартушы
Ғалым
Психолог
Актер
Үй тапсырмасын беру.
(42 - 53 беттер) Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаяны мен Әнші әңгімесін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап береміз.
Бағалау.
Оқушыларды бағалаймын (2 - 3 минут)
Кері қайтуСабақтың тақырыбы:Жүсіпбек Аймауытов. «Қартқожаның туған жері».
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен қызметі жайлы толығырақ мағлұмат беру.
2.Әңгіменің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
3.Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ,ауыл суреті, Ж.Аймауытов портреті, қима сөздер жазылған беттер,сөзжұмбақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, әңгіме, оқулықпен жұмыс, бақылау, көрнекілік стратегиясын пайдалану.
Сабақтың түрі : аралас сабақ,ауызша журнал беттері
Сабақтың барысы.
1.Психологиялық икем.
2.Сөзжұмбақ шешкізу.
1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
2.Отбасындағы әке атауы.
3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.
О
Т
А
Н
3.Жаңа тараумен таныстыру : « Неткен сұлу,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем !»
Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
4. Ауыл бейнесі кескінделген суретпен жұмыс.
1.Суретке зер салып қара,суретте нелер бейнеленген?
2.Жылдың қай мезгілі деп ойлайсың?
3.Қысқаша әңгіме кім құрастырар екен?
5.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
Жазушы Ж.Аймауытов туралы оқушылардан сұрай отырып,
« Пікірлер ағашына» жаздыру.
А) Оқулықпен жұмыс. Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Қартқожа» романынан келтірілген үзіндіде бала Қартқожа өз ауылының бейнесі қалайша әсер еткенін бақылап отыру тапсырылып, оқулықтағы мәтінді мұғалім өзі оқиды.
Б) Мәтін оқылып біткеннен кейін сөздік жұмысы жүргізіледі.
Қотан – қой жататын үй маңы (Сөйлем құратылады: Қой қотанға келді.)
Үй басы - әр үй. ( Үй басы Наурызға әзірленуде.)
Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер (Ашамайға отырды.)
Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.( Ет бауыр жақын адамы келді.)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 844.54 Kb |
Количество скачиваний: | 42 |