"Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар".Математика.Жарыс сабақ.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Математикалық жарыстың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

Математикалық  жарыстың мақсаты:

 Оқушылардың математика пәнібойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіру, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және өз ойларын жеткізе білу.

Математикалық жарыстың түрі: Жарыс сабағы.

Көрнекіліктер:Плакаттар, криптограммалар, карточкалар.

 

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, математикалық жарысқа қатысушы, аяулы ұстаздарымыз және мектеп оқушылары!

2-жүгізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!

1-жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше бүгінгі көпшілік қатысып отырған, көңілді сайысымыз сіздердің көңіліңізден шығып, қуанышқа бөленсе, жарқын бастамаға ұйтқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.

2- жүргізуші: Құрметті көрермендер, сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!

1-жүргізуші:

Көңілді тапқыштар, білгіштер.

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер.

Бүгінгі жеңімпазы болады.

2-жүргізуші:

Есептен сайысады қос команда.

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ.

Сұрайық шығуларын жұрт алдында.

Командалар ортаға біртіндеп шақырылады. Әділқазы алқалары таныстырылады.  (мектеп әкімшілігі, математика пән мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары).

 

1-жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Тәрбиеден бастамақшы

Тапқырлардың сайысы, -

деп бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз!

 

Енді, сайысымыздың жоспарымен таныстырайық.

Жоспары:

1.      «Танысу» сайысы (командалардың бір-біріне сәлемі, әділ қазылар алқасына сәлемі, ұраны, төс таңбасы).

2.      «Сергіту» сайысы.

3.      «Тапқырлар» сайысы.

1)      «Жоқ сандарды тап»

2)      «Қатарды аяқта»

3)       «Практикалық есеп»

4)      «Мен-саған, сен-маған»

5)      «Криптограмма»

4.      Капитандар сайысы.

1) «Кім жылдам?»

               2) «Арифметикалық жұмбақтар»

 

1-жүргізуші:

Талмай жырлап, сан ғасырлар дастанын,

Кең даламнан естіледі асқақ үн.

2-жүргізуші:

Талай талант, сенде шындалып, сенде өсті,

Талай ғылым сенен алды бастауын.

 

Екі жүргізуші бірігіп:

Сол математика ғылымының жолын қуған,

«ЖАС ПИФАГОРШЫЛАР», «ЖЕҢІС» топтарынан,

Жалынды Сәлем!

 

I-тур. «Танысу» сайысы». Әр команданың сәледемесі, ұраны.  Ең жоғарғы ұпай – 5.

«ЖАС ПИФАГОРШЫЛАР» тобы (5 «ә» -сыныбы).

Әр топтың қарсы топқа сәлемі:

Бастары компьютердей,

Бойлары бәрі бірдей

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өмірдей – Сәлем!

Әділ қазылар алқасына сәлем:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен

               Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.

«ЖЕҢІС» тобы (5 «д» -сыныбы).

Әр топтың қарсы топқа сәлемі:

Құны бір құрдас

Жаны бір жан дос,

Тілегі бір жүрегі бір

Бірге өскен жолдас,

Сендерге де бір Сәлем!

Әділ қазылар алқасына сәлем:

Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында

Қара қырды қақ жарып, әділ қазым

Еңбегін «Үшбұрыштың» әділ сына!

Ұраны: Білім қару етіп, серік етіп,

               Болашақтың есігін біз ашамыз!

 

ІІ-тур. Сергіту сайысы. Әр команда дұрыс жауап берсе 1 ұпаймен бағаланады.

 

1.      Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (5 бала).

2.      Екі оқушы тоғызқұмалақ 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?(4)

3.      5 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі?

4.      Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (8)

5.      Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

6.      Ауылға бір кемпір келе жатты, оған қарсы екі кемпір шықты. Ауылға барлығы қанша адам келе жатты? (1)

7. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса, бір бұтақ жетпейді. Ал, екі-екіден отырса, бір бұтақ артылып қалады. Неше бұтақ, неше торғай бар? (3 бұтақ, 4 торғай).

8.      Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

9.       Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ? (50)

  1.  Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10 және 100).

11.   Қайында 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма? (0)

12.   Су астында қандай тас жоқ? (құрғақ тас)

 

ІІІ-тур. Тапқырлар сайысы.

1) Жоқ сандарды тап.

Тапсырма. 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандар кестенің 16 тор көзіне жазылған. Қалам мен қарандаштың көмегінсіз, жеткіліксіз сандарды табыңдар.


2

11

3

8

20 

6

14

16

18

17

7

5

10

4

15

13

1,9,12,19.                         

1

16

8

13

12

9

19

2

20

4

14

18

7

15

10

5

    3,6,11,17.

14

9

19

3

13

20

11

18

5

1

15

7

12

17

6

4,8,10,16.


 

Бұл сайыста тапсырманы дұрыс және жылдам орындаған команда 3 ұпаймен бағаланады.

2) Қатарды аяқта.

Тапсырма. Сандар тізбегінің орындалу заңдылығын анықтап, қатардың келесі           үш санын анықтаңдар.

2, 4, 8, 16, 32, ...           (64, 128, 256)

3, 6, 4, 7, 5, ...            (8, 6, 9)

Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

(Әр команда осы тапсырманы орындағанша, жанкүйерлермен ойын өткізейік)

 

3) Практикалық есеп.

Тапсырма. Лентадан көз мөлшерімен 20 см кесіп алу керек. Кім дәлдеу, жақындау кессе, сол команда ең жоғарғы 3 ұпаймен бағаланады.

4) Криптограмма.

Мұнда әр топқа бір–бірден криптограмма беріледі. Қай топ өздеріне берілген криптограммаларынан ең көп сөз тауып жазады, сол топқа ең жоғарғы 5 ұпай беріледі.

Н

Ш

Е

Е

Ң

Д

Ү

К

Ң

Т

Ө

Е

Р

Т

Б

Е

Р

У

А

Е

Ұ

Ш

Т

Б

Д

И

Р

Ы

М

Е

С

У

А

Л

О

С

А

Н

Т

У

Д

А

 

Жауабы:нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.22 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 121

Похожие материалы