11сәуір
2015 жыл
Кәсіби қауымдастық бойынша аукцион жоспары
Тақырыбы:
«Кел үйренейік»
Жалпы мақсат:
1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамытуда 7 модульді тиімді пайдалану жолдары бойынша тәжірибе алмасу , қиындықтарды шешу жолдарын үйрену
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:
Сабақтағы кездесетін кедергілерді жою жолын үйренеді.
Негізгі идеялар:
1. Тәжірибесі терең, дидактикалық материалға қоржыны толы әр мұғалімнің еңбегін бағалау, ісін дәріптеу
Сабақта қолданыла-тын материалдар
1. Флипчарт
2.Стикер
3. АКТ
4. Смайлик
5. Маркер
6. Ноутбук
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер
АКТ
СТО
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Дерек көздері:
Стандарт, оқулық, әдістемелік нұсқау хат, ҚМЖ,ҰМЖ
Тапсырма-лары:
Топқа бөліну , топтық жұмыс , шығармашылық есеп
І. Тапсырмалар
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(3 мин)
•Мұғалімдерге психологиялық ахуал мақсатында “Шаттық шеңберін ” жасау
Ізгі тілектер айту
ІІ. Топқа бөлу
/ 5 минут/
• Мұғалімдер ән жанрлары бойынша топқа бөлінді
«Армандастар » әнінің бір
шумағы берілген. Соны әр
жанрда айту
•І топ – Халық әні
•ІІ топ- Лирикалық әндер
•ІІІ топ – Реп жанры
Топқа бөлінеді
ІІІ. Ой қозғау
«Кел табайық»
(20 мин.)
Топтық жұмыс
- Мұғалімдерге әр топ бойынша ой қозғау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды . Жәрмеңкеде аукционға әр түрлі заттар қойылды.
/Қолдан жасалған көрнекіліктер , оқу құралдары , стикер, смайлик, маркер , бор т.б/
Әр топ жасырынған затты сатып алу керек . Бастапқы бағасы 1000 тенге
VІ.Сергіту сәті
Белсенді орындау
V. «Сен маған , мен саған »
/20 минут/
- Топтағы әр мұғалім өздерінің ҚМЖ,ҰМЖ, коучинг сессия жоспарларын, таныстырылымдарын, жасаған көрнекіліктерін аукционға салып сатты.
Мақсаты : тәжірибе алмасу
Бастапқы бағасы 1000 тенге
VІІ. Зерттеушілік немесе ізденушілік кезең
«Менің жұмыс нәтижем»
Жеке жұмыс
- Мектептер өздерінің жасап жатқан жұмыстарының жетістіктері мен нәтижелерін айтып шығармашылық есеп берді.
Шығармашылық есеп
VІІІ. Қорытынды кезеңде мұғалімдер бүгінгі өткен аукционға өз пікірлерін айтты
Эдвард де Боно “Ойлаудың алты қалпағы ”
Ақ қалпақ – адалдық шындық белгісі.
Қызыл қалпақ – Эмоция, интуиция, сезіну
Сары қалпақ –оптимизм, сәулелі өмірге талпыныс , жетістіктер мен пайдалы нәрсе туралы
Жасыл қалпақ- жаңа идея, альтернативті ойлар
Көк қалпақ- байсалды да байсалды сабырлылық, Идеяларды қорыту, күтілетін нәтижелерді ойластыру, болашаққа бағдар.
Қара қалпақ- ақиқатты көру, сақтану, келесі де алдын алуға ұмтылу
Өз ойларын нақты жеткізу
Бағалау
Аукцион қорытындысы бойынша
ІІ топ – лирикалық әндер тобы ең үздік көрсеткіш көрсетті
Рефлексия
(5 мин.)
Кері байланыс
•Коуч мұғалімге кері байланыс жасайды
Тақтаға стикерді смайликтің жанына жабыстыру.