Классный час «Әліппе, саған мың алғыс!»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
  Смагулова Марал Ельтаевна №5 гимназия бастауыш сынып мұғалімі     Тәрбие сағаты: «Қош бол, сүйікті Әліппе!»  Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге дағдыландыру. Көрнекіліктері: «Қош бол, сүйікті Әліппем!» тақырыбы, әріптер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті.  Мақал-мәтелдер. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңі, Ы. Алтынсариннің портреті. -Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «хан баласындай нық , бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі өткелі отырған «Қош бол, сүйікті  Әліппем!» ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар! Ертегі Ерте,ерте,ертеде, Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні ұзын екен Баяғыда орманда екі үй болыпты біреуі көк біреуі қызыл .Көк үйде дауыссыз дыбыстар ,қызыл  үйде  дауысты  дыбыстар  тұрыпты -  Сәлеметсің бе түлкі! Түлкі : -Сен бұл жерде не істеп жүрсің? Аю: - Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді. Түлкі : - Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді. Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар! Екеуі: Сәлеметсің бе қоян! Қоян: -Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде? Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр. Қоян: А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді. Екеуі: Кел онда, оқысақ оқиық. Тиін: -Сәлеметсіңдер ме достарым! Үшеуі: Сәлеметсің бе тиін! Тиін: Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар? Үшеуі: Мына жазуды оқымақ ойымыз бар. Тиін: Онда  бірігіп оқиық. Үшеуі: Оқысақ оқиық! Тышқан: -Сәлеметсіңдер ме достарым! Төртеуі: -Сәлеметсің бе Тышқан досымыз! Тышқан: -Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде? Төртеуі: Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар. Тышқан: - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық! Төртеуі: Оқысақ оқиық! Аю: -Менің ойымша бұл- «бал» деген  жазу Түлкі: -Ал,менің ойымша бұл- «Та- уық» деген  жазу. Қоян: -Ал,менің ойымша бұл- «Сә- біз» деген  жазу. Тиын: -Жоқ, жоқ бұл – «жаң-ғақ» деген жазу Тышқан: -Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен  а? Әліппе: -Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма? -Балалар ,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға  оқып көмектесейік. Балалар: Мек- теп. Аңдар: Мектеп? Мектеп деген не? Әліппе: -«Мектеп» деген- балалалар оқып ,білім алатын  үй. Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «А» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер. Ән: « Қоңырау» Ана тілінің тапсырмалары 1 -тапсырма. Мына сөздің барлығына ортақ әріпті  табыңыздар? Жүзім, қарбыз, пияз  2- тапсырма  Мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңыздар   Сағ._т                            т ._лкі  ._өрік                          ү ._рек 3-тапсырма -      Кім маған  оқу, білім жайлы мақал айтып берер екен? Оқу -білім бұлағы Білім өмір шырағы   Оқусыз білім жоқ Білімсіз күнің жоқ Оқу инемен құдық қазғандай Кітап алтын қазына 4-тапсырма «Қазақстан» сөзінен қандай сөздер жасауға болады?   Әліппе: -Жарайсыңдар  балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар! Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе Ана тілі! Ана тілі: Мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын- жазушылардың шығармаларын, ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер. Бәрі:Оқимыз, оқимыз. Ана тілі: Ал балалар, осы Әліппеден сауаттарыңды ашып, оқу мен жазуға үйреткен кім?
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 5.85 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 141

Похожие материалы