Урок ИЗО Қыс келбеті

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
                                               Шахманова  Батима   Рамазановна                                   Бастауыш  сынып  мұғалімі              №5  гимназия Сыныбы: 2 Сабақтың   тақырыбы: Қыс  келбеті./ 2-сыныптар  арасындағы  суреттер  көрмесі. Сабақтың  мақсаты: Жыл  мезгілдерінің  бірі  қыс   туралы   түсініктерін,ұғымдарын,  алған   білімдерін  пысықтау мақсатында  ,,бастауыш   сыныптар   арасындағы  он  күндікте,,   қыс  келбеті  атты   суреттер   сайысына   оқушыларды  жұмылдыру. Міндеттері: -Өлеңдерді  мәнерлеп  оқу, жұмбақтарды  шеше  отырып, логикалық  ойлау  дағдысын   жетілдіру; -Табиғатты  қорғауға   тәрбиелеу; Көрнекілігі:  ,,Қыс  келбеті,, атты  слайд, мақал-мәтелдер,  жұмбақтар, шарлар. Барысы:  І. Ұйымдастыру 1.Сынып  үші  безендірілген,   сайысқа  қатысушы   оқушылар, ұстаздар,қонақтар. 2.Мұғалім  бүгінгі  сайыс   туралы  мақсатымен  таныстырып, оқушыларды  тыныштықты  сақтап  отыруға   шақырады. ІІ.Жүргізуші  мұғалімнің  сөзі:  І. Сәлеметсіңдерме  құрметті  оқушылар! Бүгін  біз  сендермен   ,,Қыс  келбеті,, атты  суреттер     ашуға   рұқсат  етіңдер.   Ақ  киімді  денелі  ақ  сақалды,   Соқыр  мылқау   танымас  тірі   жанды.   Үсті  басы   ақ  қырау   түсі  суық,   Басқан   жері  сықырлап  келіп  қалды –деп   Абай  атамыз  айтпақшы   бізге   қыс  қаһарын   төгіп, биылғы  келген  жылқы   жылыда  көптеген  құпияға  толы, Сарыарқаның  сақылдаған  сары   аясын   көрсетіп  тұрған   кез. Бірақ   оған  қарамастан  өзіміздің   күнделікті  тіршілігіміізді   жүріп  жатыр.   Соған   қарамастан  біздің  оқушыларымыз  да,  сайысты   асыға  күтіп  отыр.   ІІ.Ал  енді   балалар  біз  сендермен       жұмбақтарды  шешіп  көрейік. 1.Мамықтай  ұлпа,   Қанттай  ақ. Қыста   жер  бетін  басады, Жазда  сайға  қашады.  /Қар./ 2.Көзіңе  көрінбейді,     Тоңдырып  қызартады.     Күні-түні  ерінбейді,     Өзенге  мұз   артады. /Мұз./ 3.Тоңғақты  таниды,    Беті  қолын  қариды. /Аяз./ 4.Қоймасын  қыс  ақтарып,    Жерді   жапты  ақ  мамық./Қар./ 5.Қыста  ғана   болады,    Ұстасаң   қолың   тоңады. /Қар./ 6.Суға   батпайды,     Отқа  жанбайды./мұз./ 7.Жасыл  ине  киімім,    Жайлаймын  тау   биігін.    Жаңа  жылды   тойласаң,    Төріңдемін  үйіңнің. /Шырша./ 8.Тістейтін  аузы  жоқ,    Ұстайтын  қолы   жоқ.    Шайқайды  тауды,    Жаралған  долы   боп./ Боран./ 9.Жазда  да, қыста  да,    Өзгермейтін   бір   түсте./Шырша./ 10.Ышқынады  өзі  жоқ,   Ысқырады  сөзі   жоқ./Боран./ 11.Шанамен   зырғып   желдетіп,      Шаңғы, коньки  тебетін.     Аққала   жасап  ойнайтын,    Қай  мезгіл  деп  ойлайсың?  /Қыс./ 12. Көлдің  беті  көк  әйнек,       Сырғанауға  тым   әйбат./мұз./ 13.Қыста   шыны   боп   қатады,       Жылыда  су  боп   жатады./ Мұз/ 14.Жерді  тырнап,     Бұтаны  арғап,     Шөпті  сипап,     Ұшады  зырлап,      Жанын  қинап,      Ұлиды  зарлап. /Боран./ 15.Жалтырайды  сайда,     Сынбайтын  айна.  /мұз  ойнақ./ 16. Шелек  қалпақ  басында,       Сәбіз  екен   танауы.      Қыста   қардан   туатын,
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 40.58 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 106

Похожие материалы