Здесь была ссылка на работу Кластан тыс сабақ:«Математика тарихына шолу» автора Бакытжанова Гулшара Айдарбековна Айдарбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Зал әдемі газет, фигуралармен безендірілген. Орындықтар үш қатарға бөлініп,айналдырыла қойылған. Оқушылар үш топқа бөлініп, үшбұрыш,дөңгелек, конусты белгілейтін түсті бас киімдер киіп отыр, Музыка ойналады. 1-ші жүргізуші: Құрметті достар! «Математика тарихына шолу» атты кешімізді бастайық. 2-ші жүргізуші: Кешімізде бүгін үш топ білімімен сайысады.Олар: «Үшбұрыш» тобы, «Шеңбер» тобы, «Конус» тобы. 1-ші жүргізуші:Кеш барысындағы жұмыс ережесімен танысайық. Кештің өту барысы бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімде үш сұрақ.Бір сұрақ көрініс түрінде болады. Әр дұрыс жауап берген сұраққа бес ұпай.Музыка ойналады. 1-ші жүргізуші: І бөлім Көрініске көңіл аударыңыздар.Ежелгі Грецияның киімін киген қыз отыр.Қолында әдемі құмыра ұстаған қара құл кіреді. Қыз: -құмыраны трапедзионға қой,-дейді. 1-ші жүргізуші: 1-сұрақ.Құрметті достар! «Трапедзион» деген сөздің мағынасы және оның математикаға қатысы қандай? 2-ші жүргізуші: «Трапедзион» деп Ежелгі Грецияда үстелді атаған және осы сөзден «трапеция» деген сөз шыққан. 1-ші жүргізуші: 2-ші сұрақ.Мына Ежелгі Греция атақты әйелдерінің ішінде математик әйел қайсысы? а)Афролита б)Клеопатра в)Гипатия г)Афина д)Аспасия. 2-ші жүргізуші:Ең алғашқы математик әйел Гипатия.Александрия қаласында 370-415 жылдары өмір сүрген.Ол математика, астрономия, медицина және философияны оқып зерттеген. Христиан дінінің басшылары оны жат көзқарастағы адам деп танып, таспен ұрып өлтірткен. 1-ші жүргізуші:3 -ші сұрақ.Пифагор мектебі алғаш қай қалада ашылған? а)Афина б)Кротон в)Рим г) Александрия д)Спарта 2-ші жүргізуші: Кротон қаласында алғаш Пифагор мектебі ашылған?. 1-ші жүргізуші:Осыменен кешіміздің І-бөлімі аяқталды.Қай топ алда келе жатқанын жауап тақтасынан білейік. Музыка ойнайды.