Күлтегін жыры

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Күлтегін» жыры (2 сабақ)

Сабақтың мақсаты: 1. Көне тарихымыздан орын алып, тарихи тұлға ретінде танымал болып отырған Тұмар патшайым жайлы мағлұмат беру. 2. Тарихымызды оқытып, тарихи деректерімізді оқытып таным-білім аймақтарын кеңейтуге ықпал ету.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Бүгінгі сабағымыз

Болмасын деп байлығы басқаға азық,

Кеткен бабам тарихын тасқа жазып.

Б.Бәйітұлы деген өлең жолдарын бүгінгі сабағымыздың эпигрофы етіп алуымыздың өзі тегін емес еді.

Жұмыр жер бетін мекендеген әрбір халықтың тарихы қадым замандардан, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірлерден басталады. Әйтсе де әрбір халық өз тарихын белгілі бір оқиға болған кезден бастауды жөн көреді.

Мәселен,Римдіктер өз шежіресін Римнің негізі қаланған күннен бастайды.Арабтар болса Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан бастап есептейді. Ал, француздар өз тарихын ұлы Карлдың империяны бөлген жылынан, яғни 843 жылдан бастайды.Ал, ежелгі түркілер үшін мұндай кезең 545 жыл болды.Иә, дәл осы жылы Ұлы түркі қағанаты өмірге келген еді.Сөйтіп түркілер өздерінің тұңғыш мемлекетін құрады.Бумын қаған түркі тайпаларының басын қосып, әлемге әйгілі түркі қағанатының негізін құрады. Бумын 552 жылы қайтыс болды.Бумынның мұрагері Мұқан қаған Сары теңізден (Хуанхэ) Каспийге, Гобиден- Байкал көліне дейінгі аралыққа созылған түркі қағанатының батыс өлкесінің билігін әкесінің інісі Естемиге береді де өзі Орхон өзенінің жоғарғы ағысындағы хан ордасында болды.Мұқан мен Естемиден соң олардың ұлдары билікті екіге бөлді.Түркі қағанаты

батыс және шығыс қағанаты болып екіге айрылды.Әлсіреген қағанат осыдан былай көрші қытайдың таң империясының уысына түсе бастады. Ішінара күрестен ештеңе шықпай, 630жылы шығыс және батыс түрік қағанаты құлады.жарты ғасырдай уақыт түркі елі табғаштарға құлдыққа өтті.Олардың есін жиған кезі Елтеріс пен Тонықұқтың тұсында болды.елтеріс 682 жылы көтеріліс бастап жеңіп шықты.

Елтеріс қаған қайтыс болғанда артындағы ұлдары Білге 7 мен Күлтегін 5 жастағы балалар еді.Хан тағына Елтерістің інісі Қапаған отырды. 716 жылы Қапаған қаза тапқаннан кейін, жаужүрек күлтегіннің көмегімен ағасы білге қаған болды.Қасына Тоңұқұқ жырауды ақылшы қылып алды.Күлтегінге әскердің билігін берді.Сөйтіп осы үш ердің тұсында 15 жылда түркілер айбынды жұрт болып, бір тілек, бір мақсатта өмір сүрген, Күлтегін 713, Білге 734 жылы, одан соң Тонықұқ өмірден озғаннан кейін, түркі салтымен олардың моласының басына биіктігі 3м, ені 2- 2,5 м алып тастар қойылып, тірісінде жасалған жақсы істерін жыр қылып жазған. Жырды батырдың ағасы Білге Иоллығ тегін жырауға шығартқан. Тасқа қашалған көне жәдігерлерден бізге жеткендерінің ең ірілері- Білге қаһанға, Күлтегінге, Тоныкөкке қойылған құлпытастардағы жазулар

ОрхонЕнесей өзендерінің бойынан табылған бұл жазу ескерткіштері руналық жазбалар деп аталады. «Рун» деген сөз скандинавия халықтарының тілінде «құпия», «сыры ашылмаған» деген ұғым береді. Осы жазудың ішіндегі ең көрнектісі «Күлтегін» ескерткішін алғаш рет орыс ғалымы Н.М.Ядренцев 1899ж Орхон өзенінің бойынан тапқан. Содан бұл жазулардың сыры ұзақ жылдар бойы құпия болып келген.Бұл жазба ескерткіштерін оқудың «кілтін» тауып, сырын ашкан Дания ғалымы В.Томсен болды.Кейін орыс ғалымы В.В.Радлов оның аудармасын жасады.Ал, түпнұсқадан тура қазақшаға аударған

Ғ.Айдаров, М.Жолдасбеков, Қ.Өміралиев, Ғ.Құрышжанов, Ә.Томанов сынды белгілі ғалымдарымыз еңбек етті.

Біз бүгінгі сабақта Монғолия жеріндегі Орхон өзенінің бойында тұрған Күлтегін құлпытасындағы жыр-дастаннан үзінді оқимыз.Бұл ескерткіштің айна-қатесіз көшірмесі Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетіне 2001 ж әкелініп қойылған.

Әрине, арамызда мыңдаған жылдар бөліп тұрған бұл көне мұраны бүгінгі жыр-дастан ұғымында қабылдау қиын, бірақ түркітанушылар оларды көне түркі

жырының үлгісі деп таниды. Түпнұсқаны қазақша жырлаған Қадыр Мырза Әли.

§«Күлтегін» жырын электронды оқулықтан тыңдату.

§Сөздікпен жұмыс.

Қадырхан,Кері -Кену- көне жер атаулары.

Қаһан- ел билеуші, патша, хан мағынасындағы көне түркі сөзі.

Қатын- көне түркі тілінде әйел,ана, ханша мағынасында қолданылған.

Паң- керім, кербез, тәкаппар.

Қоңы- ауыспалы мағынада, күйі, семізділігі.

Қоқаңдау — едіреңдеу, қарсы болу,қопаңдау.

Шад- билеушілерге берілетін көне атақ.

Түстік — Солтүстік бағытқа қарама-қарсы жатқан төрт құбыланың бірі күнгей жақ, оңтүстік.

Терістік — Солтүстік жақ.

Оғыз, Құқай,Татабы,Табғаш,Соғды,Аз,Оңтұтық,Ізгіл,Едіз – сол кезеңде болған халық,ел атаулары.

Тадық чур,Ышбар Ямтар,Иегін Сілікбек – бұрын ерлік көрсеткен алып батырлар.

Алдаспан- көне сөз, имек қылыш

Пышыра- басы бірікпей бөлек-бөлек болу.

Оқушыларды жұпқа бөліп, тақырыпты жан-жақты талдау

ІІІ.Толғаныс

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы.

Жырдың идеясын ашатын тұсын оқушылардан сұрау.

Қорытынды:

Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұралары- көне түркі жазба ескерткіштері.Бүгінде әрқайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүние жүзіндегі өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың яғни, түрік, әзірбайжан, түркімен, өзбек, қырғыз, татар т.б. халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл жәдігерліктер біздің тарихымыздың терең тамыры болып қалмақ..

Үй тапсырмасы:

1.Жырды оқу.Үзінді жаттау.

2.«Туады ерлер ел үшін» ойтолғам жазу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 74.24 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 219

Похожие материалы