Здесь была ссылка на работу Күнделікті өмірдегі пайыздардың рөлі автора Балгушукова Айслу Кульниязовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Аннотация Математика сабақтарында пайыздардың адамдардың күнделікті өмірлерінің әрбір саласындағы ролі туралы, олардың қайдан пайда болғандары , қалай дамығаны жайлы көбірек білу үшін уақытымыз аз болады.Нәтижесінде, көптеген сұрақтар туындайды : «Пайыздарды не үшін оқимыз?», «Біздің өмірімізде олар қандай орын алады?», «Ересек адамдарға пайызды табуға есептерді қаншалықты жиі шешуге тура келеді?». Біз «Күнделікті өмірдегі пайыздардың ролі » тақырыбында зерттеу жасап, бұл тақырып ересек адамдардың және балалардың өмірлеріне қаншалықты маңызды екенін білгіміз келді. Сұрақтарға жауапты табу үшін біз: - Тақырыпқа қажетті теорияны жинақтадық; - Әр түрлі мамандармен жүздестік; - Сауалнама нәтижелерін қарастырдық; - Газет пен журналдарда бұл мәселе қалай қарастырылады және қаншалықты пайданалатынын байқадық. Ересек адамдар күнделікті өмірлерінде пайыздарға есептерді шешуге жиі мұқтаж болатындарын анықтадық. Жобаны орындау кезінде біз сауалнама өткізуге, керекті материалдарды жинақтауға, презентация жасауға, қорытындыны ресімдеуге, күнделікті өмірде және тұрмыста кездесетін, ҰБТ жинақтарындағы пайыздарды табуға есептерді іріктеуге және тақырыптарға бөлістіруге, жұмыс көлемін өзара үлестіруге, кітапшаны ресімдеуге, нарықтық есептерді шешуге үйрендік.