Конспект на тему "Қазіргі заманғы математика сабағы"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шинтимирова Амина Камешовна
|
Қазіргі заманғы математика сабағы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану.
Компьютер біздің өмірімізге әлдеқашан нықтап енді. Жалпы білім беретін мектепті онсыз елестетуге болмайтындай уақыт туды. Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттырып, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.81 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |