Конспект по бейнелеу өнері на тему "Натюрморт композициясын құрастыру"(2 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты :

 

1.     Оқушыларға  натюрморт құрастыруды, қағаз бетіне үйлестіруді үйрету.

2.     Графикалық сызықтар арқылы заттардың көлемі мен пішінін салуын дамыту.

3.     Графикалық өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу .

Құрал жабдықтар, көрнекілік құралдар: Түрлі- түсті қарындаштар, өшіргіш, альбом.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Барысы:

Ұйымдастыру. Керекті құрал- жабдықтарын әзірлеу.

Шаттық шеңбері

Армысың,алтын Күн!                Жайқалған даланы,

Көгілдір көк аспан                    Табиғат ананы

Бармысың құстарым                           Көруге сағынып,

Қанатты достарым                    Келген біз баламыз.

 

ІІ. Сабақ мақсатын хабарлау

 

 

                                 Сөзжұмбақ  «Натюрморт» 

 

ІІІ.Жаңа сабақ:

 Адамдар көбінесе айналасындағы заттардың әсемдігін байқамайды.

Суретші олардың сұлулығын өзі ғана байқап қоймай , басқалардың да оған назарын аударып, сұлулығына тамсануына мүмкіндік береді. Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейленелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАЮРМОРТ деп аталады.Натюрморт бейнеленетін заттарына байланысты күрделі болу мүмкін немесе бір, екі ғана заттардан құралады. Кейде натюрморттың мазмұнына сейкес оның кейпі, жан-жануарлар бейнеленуі мүмкін.

              Суретші мақсатының бірі-натюрмортта белгілі бір көңіл- күйді бейнелеу.

Кез-келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады.

                            Сергіту сәті

Күркіреді күн,күн,

Терезелер шың-шың.

Жауды жыңбыр топ-топ,

Шелек-шелек көп-көп.

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс тез өс-өс !

                      Енді, балалар, алдымыздағы көкөніс, жеміс-жидектерден үйлестіріп, өз бетімізше натюрморт құрастырайық.

                            Енді натюрмортты өзіміз орындайық. Біз құмыраны және қасында апельсин бейнелейміз. Ең бірінші заттарды қағаз бетіне дұрыс үйлестіреміз. Әр заттың конструкциялық ерекшеліктерін естен шығармаймыз. Жай қара қарындашпен  негізгі суретті орындаймыз. Қате жерлерін өшіргішпен өшіреміз. Суретті мұқият болғаннан кейін түрлі- түсті қарндашпен бояуға кірісеміз. Күннің қай жақтан түсіп тұрғанын, көлеңке жағын естен шығармаймыз.

                 

ІҮ.Қорытынды: Біз натюрмортты түсінуге тағы қадам жасадық. Бәрі қалағанымыздай шықпай жатыр, дегенмен сендер өнерді және де заттар әлемін жақсы түсінетін боласыңдар.

                                  Суреттерінен көрме ұйымдастыру,бағалау.

Ү. Үйге тапсырма: Үйде бір, екі заттан құралған натюрморт құрастыру.

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.1 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 200

Похожие материалы